12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы негізінде «теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде» ТМД мемлекеттерінің ішінде алғашқылары болып Қазақстан Республикасында 2021 жылдың 1- шілдесінен бастап әлем мойындаған әкімшілік әділет институты, әкімшілік соттар өз қызметін бастағаны жалпыға белгілі және бесінші жылға қадам басты.

Әкімшілік соттардың, әкімшілік сот ісін жүргізудің ерекшелігі — мемлекеттiк басқару жүйесiнде заңдылықтың сақталуын бақылау жолымен, яғни басқару қатынастарынан туындайтын жария-құқықтық дауларды қарау және шешудiң ерекше процесiн жүзеге асыру арқылы азаматтардың бұзылған субъективтiк құқықтары мен бостандықтарын, заңды және өзге де ұйымдардың заңды мүдделерiн қалпына келтiру болып табылады.

Мақсат – сот төрелігін халыққа жақындатып, мықты әрі тиімді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғауға қабілетті жүйе құру болды.

Осы негізгі мақсаттарды жүзеге асыруда 2025 жылдың 1- наурызынан бастап тағы бір жаңалық енгізілді. Ол – әкімшілік талап қоюлардың әксаумақтық соттылық бойынша қаралуын қамтамасыз ету.

Бұл дегеніміз заңда белгіленген істердің жекелеген санаттарының қаралу тәртібін қоспағанда, талап қоюшы сотқа әкімшілік талап қоюды жолдай отырып қоса, сондай-ақ, соттың іс жүргізуіндегі әкімшілік істер бойынша да, әкімшілік істі сот талқылауына тағайындағанға дейін эксаумақтық соттылықты таңдайтыны жөнінде өтініш бере алады. Эксаумақтық соттылықты таңдау талап қоюшыға қандай мүмкіндіктер береді:

а) талап қоюшыға қолайлылық;

ә)жауапкер тарапынан қысым қаупін төмендету, яғни таңдалған соттың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік органнан қашықтығы;

б) сот жүктемесін жеңілдету.

Осылайша эксаумақтық соттылық талап қоюшыға басқа сотты таңдауда икемділік береді, бұл стратегиялық тұрғыдан тиімді және ыңғайлы. Алайда, талап қоюшы нақты бір әкімшілік сотты таңдай алмайтынын ескеру керек, себебі талап қоюшының өтініші негізінде әкімшілік іс «Төрелік» ақпараттық жүйесі бойынша автоматты түрде бөлінеді және осы негізде соттың ұйғарымы шығарылады.

Сонымен қатар, эксаумақтық соттылық барлық істердің санатына қолданыла бермейтінін атап кеткен жөн. Яғни, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі — ӘРПК) 107- бабының бірінші бөлігінің екінші абзацында белгіленген талапқа сәйкес эксаумақтық соттылық осы Кодекстің 102-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген инвесторлардың дауына, 103-бабындағы әскери соттардың соттылығына жататын істерге, 105-бабының бірінші бөлігімен көзделген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), Орталық референдум комиссиясының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы әкімшілік істерге, 106-бабының екінші және үшінші бөліктеріндегі тәртіппен қаралуға жататын Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде шығарылған әкімшілік актілерге және электрондық құжат нысанында шығарылған әкімшілік актілерге дау айту туралы істерге қолданылмайды.

Осы үш ай ішінде Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотынан әртүрлі санаттағы 8 іс эксаумақтық соттылық бойынша жолданды, басқа соттардан 11 әкімшілік іс түсті. Менің жеке пікірім — бұл жаңалық өз нәтижесін береді, азаматтар мен заңды тұлғалардың сотқа деген сенімін арттыра түседі деген ойдамын.

Шымкент қаласының МАӘС судьясы Т.Қ.Үмбетова

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...

Қазақстан Конституциясы – Тәуелсіздігіміздің тұғыры

1991 жылы Қазақстан өз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет ретінде...

Сот шығындарының мән жайлары

Сот шығындары азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және...

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі — заңды сақтау

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды әдістерінің бірі - заңды сақтау...

КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚҰРМЕТТІ ƏРІПТЕСТЕР! Қазақстан Республикасы Судьялар одағы атынан Сіздерді кəсіби...