Yandex Qazaqstan ең қолжетімді колонкасы – Сағатсыз Станция Лайт 2 сатылымға шыққанын жариялады

Қазақстанда Алиса жасанды интеллект-ассистентімен жабдықталған ең қолжетімді колонка – Сағатсыз Станция Лайт 2 сатылымға шықты. Құрылғы арқылы Алисамен қазақ және орыс тілдерінде сөйлесуге, түрлі сұрақтарға жауап алуға, музыка тыңдауға, ақылды үй құрылғыларын басқаруға, оятқыштар мен еске салғыштар орнатуға болады. Бұл модель қарапайымдылық пен қолайлылықты бағалайтындар үшін, сондай-ақ балаларға арналған гаджет ретінде тамаша таңдау. Жаңа құрылғының бағасы — 31 990 теңге.

Сағатсыз Станция Лайт 2 екі түсте қолжетімді — күлгін және жасыл. Құрылғының сыртқы келбеті сағатпен жабдықталған модельмен бірдей: сол түймешіктер, сол корпустың формасы, жағымды soft touch пластик қаптамасы. Жаңа модельге қосымша ретінде корпусты кастомизациялауға арналған жапсырмалар (стикерлер) қоса беріледі.

Колонкада қуаттылығы 6 Вт болатын кеңжолақты динамик пен екі микрофон бар – олар командаларды тіпті шу көп бөлмеде де анық қабылдай алады. Музыканы қосу немесе дыбыс деңгейін өзгерту үшін «тыныш», «тоқтат» сияқты қарапайым командаларды айту жеткілікті. Құрылғы бір уақытта екі команданы да түсіне алады. Мысалы: «Алиса, музыканы тоқтатып, ертегі қой» деп айтуға болады.

Сағатсыз жаңа колонкада сағатпен жабдықталған модельдегідей барлық функциялар бар. Ол Wi-Fi арқылы Matter протоколын қолдайтын ақылды үй құрылғыларын басқаруға, оятқыштар мен еске салғыштар қоюға, музыка тыңдауға, калькуляторды қолдануға және тағы басқа мүмкіндіктерге ие.

Сағатсыз Станция Лайт 2 үшін жақын арада портативті аккумулятор қолжетімді болады*. Оның көмегімен колонканы үй ішінде оңай жылжытып, өзіңізбен бірге қонаққа немесе көлікке апаруға болады. Интернетке қосылу үшін колонканы телефонға модем режимі арқылы байланыстыруға болады – барлық таныс функциялар сол күйі жұмыс істейді. Музыка тыңдау режимінде бұл аккумулятор 3 сағаттан аса уақыт автономды жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.

Станция Лайт 2 колонкасын онлайн және офлайн сатып алуға болады: Sulpak, Технодом, Мечта дүкендерінде, сондай-ақ Алиса фирмалық дүкенінде. Бағасы — 31 990 теңге.
 Құрылғының суреттері мына сілтеме арқылы қолжетімді.
 *Портативті аккумулятор бөлек сатылады. Бағасы — 9990 теңге.

Yandex Qazaqstan туралы

Yandex Qazaqstan — машинамен оқыту мен нейрожелілерге негізделген өнімдер мен сервистерді жасайтын технологиялық компания. Компания пайдаланушылардың өмірін жақсартуға және Қазақстандағы цифрлық ортаны дамытуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізумен айналысады. Елде компанияның іздеу, қалалық, бұлтты және ойын-сауық сервистері жұмыс істейді, сондай-ақ білім беру және әлеуметтік жобаларды дамытып келеді.

«Әйел әлемі» – қоғамның өзекті мәселелері талқыланған алаң

Алматы қаласында «Әйел әлемі» тақырыбында қоғам қайраткерлері, зиялы қауым...

Динара Бердімұраттың нақыл сөздер жинағы жарық көрді

Қоғамдық ой мен рухани құндылықтарды насихаттап жүрген танымал тұлғалардың...

HONOR компаниясы Cannes Film Festival аясындағы China Night кешінде мобильді түсірілімнің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

ARRI компаниясымен стратегиялық техникалық серіктестік негізінде жасалған құрылғы 2026...

HONOR Robot Phone представил на Каннском кинофестивале новые возможности мобильной съемки в рамках China Night

Устройство, созданное при стратегическом техническом сотрудничестве с ARRI, будет...

HONOR одним из первых получил доступ к Android 17 Beta 3 для разработчиков

Международная технологическая компания HONOR объявила, что флагманский смартфон HONOR...