12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Материалдық залалды өтеуде нені ескеру керек?

Сот тәжірибесін зерделеу, төрелік алаңында таразы басына салынған істерге талдау жүргізудің маңызы зор. Бұл ең алдымен елімізде бірыңғай сот практикасын қалыптастыру үшін керек. Екіншіден, заңнамалардың қолданылу тәртібі туралы айту арқылы қарапайым халықтың құқықтық сауатын арттыру үшін қажет. Сонымен бірге, талдау судьялардың біліктілігін көтеріп, кәсіби шеберлігін нығайтуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, талдаудың түпкі мақсаты материалдық және процестік құқық нормаларын қолданудың дұрыстығын зерделеумен, соттардың құқық қолдану практикасында туындайтын проблемалық мәселелерді анықтаумен өзектес екенін айта кеткеніміз жөн. Осы ретте, келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасына талдау жүргізу азаматтар үшін аса пайдалы. Себебі күнделікті өмір көрсетіп отырғандай, азаматтар дәл осындай даулармен жиі бетпе-бет келеді. Соның ішінде жол-көлік оқиғаларындағы залалды өтеуге қатысты құқықтарды қорғауда көпшілікке сабақ болар сот тәжірибелерін бөлісіп, жария талқылап отырудың көмегі көп.
Заң мен тәртіп салтанат құрған елде дау аз. Өкінішке орай, бізде қарапайым жол ережелерін сақтамаудың салдарынан қаншама сот істері қаралуда. «Қара жол қателікті кешірмейді» дегенді ұдайы қайталап жүргенімізге қарамастан, жолдағы ортақ тәртіпті сақтамайтындар баршылық. Жол ережесін бұзған бір жүргізушінің кесірі көпке тиіп жататын кездер көп. Соның барлығы ортақ жолдағы мәдениеттің төмендігіне, жүргізушілер жауаптылығының аздығына байланысты орын алатыны шындық. Ережеге бағынбаған бір жүргізушінің кесірі талай тағдырды өзгертеді. Оған сот тәжірибесінде мысал жетерлік.
Мысалы «Лада Веста» автокөлігін басқарған талапкер В.Б. жол апатынан зардап шеккенін айтып, соттан автокөлікті қалпына келтіруге кететін 1 723 475 теңгені жауапкер А.К-ден өндіруді сұраған. Сот отырысында жауапкер өз кінәсін толық мойындап, талаппен келісетінін, бірақ залалды төлеуге материалдық жағдайы мүмкіндік бермейтінін айтты. Әрине, апат айтып келмейді. Төтенше жағдайдан ешкім де сақтандырылмаған. Дегенмен, жол көлік оқиғаларының көпшілігі жүргізушілердің салғырттығынан, сауатсыздығынан орын алады. Бұл жолы да жол апатына жүргізуші кінәлі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 917-бабына сәйкес, мүліктік немесе мүліктік емес игіліктер мен азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына заңсыз әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген зиянды (мүліктік және (немесе) мүліктік емес) зиян келтірген адам толық көлемде өтеуге тиіс. Көлік құралын бағалау туралы есепке сәйкес, физикалық тозуды ескере отырып, қалпына келтірудің нарықтық құны 1 723 475,10 теңгені құрады. Осы іс барысында сот тарапынан дауды татуластыру рәсімімен реттеуге бірнеше рет шара қабылданды, бірақ тараптар татуластыру рәсімдерін қолданудан бас тартты. Соған орай А.К-нің талабы қанағаттандырылып, көлікті қалпына келтіруге кететін шығынды өндіру жауапкерге жүктелді. Бұдан шығатын қорытынды: жол апатын тудырып, материалдық зиян келтіргендер шығынды өз еркімен жабуға тиіс.
Қара жолда қараусыз қалған мал да кейде жол апаттарының туындап, материалдық шығынның қалыптасуына ықпал етіп жатады. Айталық «Самара-Шымкент» тас жолында қараусыз малдың жолға шығып кетуі салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алды. Нәтижесінде талапкердің көлік құралы зақымдалған. Жалпы елімізде малды қараусыз қалдырғандарға тәртіптік жауаптылық бар. Бұл оқиғада да қараусыз мал «Самара-Шымкент» тас жолына шығып кетіп, жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіп төндірді, нәтижесінде талапкердің көлік құралына зақым келтірген жол апаты орын алды.
Азаматтық кодекстің 935-баптың 2-тармағына сәйкес, егер жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы зиянның туындауына немесе ұлғаюына ықпал еткен болса, онда жәбірленушінің және зиян келтірушінің кінәсінің дәрежесіне байланысты өтемақы мөлшері азайтылуы тиіс. Айталық бұл жерде сот көлік апатының мән-жайы мен уақытын, тараптардың әрқайсысының кінәсілік дәрежесін назарға алады. Соның ішінде кез келген жүргізуші жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін көлік құралы мен жүктің ерекшелігін, жол және метеорологиялық жағдайды, қозғалыс бағытындағы тосын кедергілерді ескере отырып жылдамдықты шектен тыс көтермеуі тиіс. Бұл тосын жағдайда апаттың алдын алып, қауіпсіздікті сақтауға көмектеседі. Өкінішке орай, жүргізушінің жол қауіпсіздігін бақылай алмағаны көрініп тұр. АК-нің 931-бабының 2-тармағына сәйкес қауіптілігі жоғары көздердің өзара іс-қимылы нәтижесінде олардың иелеріне келтірілген зиян жалпы негіздерде өтеледі. Бұл ретте екі немесе бірнеше тараптың кінәсінен келтірілген зиян олардың әрқайсысының кінәсінің дәрежесіне сәйкес өтеледі. Осыған байланысты сот парасаттылық пен әділдік өлшемдерін негізге ала отырып, келтірілген залалды өтеу мөлшерін 1 866 278 теңгеге дейін азайтуды орынды деп санады.
Міне, сот тәжірибесінен келтірілген бұл мысалдар жол көлік апаттарынан болатын залалды өтеудің күрделі екенін, екі тараптың кінәсін айқындау, залал мөлшерін дәл белгілеу оңайға соқпайтынын көрсетті. Осы ретте ортақ жолдағы құқықтық мәдениет пен сыйластықтың төмендігін айтпай кетуге болмайды. Егер азаматтар жол ережесін қатаң сақтап, бір-біріне жанашырлық танытқанда, бір-біріне жол беріп, көмек көрсетуді дағдыларына айналдырғанда материалдық залалды өтеу бойынша даулар қазіргідей көп болмас еді.

Марина Сахипова,
Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық сотының төрағасы

Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБК-нің...

Жемқорлықпен күрес жалғаса бермек

Қазіргі таңда еліміз сыбайлас жемқорлықпен қүресу үшін үлкен және...

Сыбайлас жемқорлықпен күресу әр адамның міндеті

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру...

Ортақ мүлікті бөлу ерекшеліктері

Қандай да болмасын даумен сотқа жүгінген азаматтардың даулары тек...

Қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді медиация тіртібімен реттеу

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алға қойған реформаларының бірі -...