12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Еңбек дауларын қараудың тәртібі қалай?

Құқықтық мемлекеттерде азаматтардың қабілет-қарымына, мүмкіндігі мен қалауына қалай жұмыс істеуіне еш кедергі жоқ. Азаматтардың жынысына, тілі мен дініне, жасына байланысты еңбек алаңында кемсітуге жол берілмейді. Жалпы алғанда елімізде еңбек құқығы жан-жақты қорғалған. Солай болғанмен, еңбек дауларының орын алуы еңбек қарым-қатынасында әлі де болса түйткілдердің толық шешілмегенін көрсетеді.

Еңбек алаңындағы даулардың туындауына ең бірінші себеп азаматтардың құқықтық сауатсыздығы. Өз құқығын білмейтін, өз мүддесіне селқос қарайтын адамдар еңбек келісім-шартын жасамай-ақ жұмысқа араласып кетеді. Кейіннен жұмыстан орынсыз қысқарып, өндірістік жарақат алғанда, артық жүктемемен жұмыс істеп, ол үшін ақы төленбегенде, сонымен бірге жұмыс беруші айлығын заңсыз қысқартқанда ғана азаматтар келісімшартсыз жұмыс істеудің теріс салдарымен бетпе-бет келеді. Әрине, өзінің құқығын қорғауға тырысып, куәгерлер тартып, қосымша құжаттар жинайтын табанды қызметкерлер өз уәжінің дұрыстығын қанша уақыт өтсе де дәлелдеп жатады. Сондай-ақ сауатының кемдігі мен шарасыздықтан өзіне тиесілі жалақыға қол жеткізе алмай, құқығын қорғауға уақыты мен мүмкіндігі болмай, ақыры еңбекақысын қайтара алмағандар да кездеседі. Бүгінде сот тәжірибесінде өндіріс барысында жарақат алу, мерзімінде жалақысын алмау, заңсыз қысқартылу, негізсіз тәртіптік шараға тартылу немесе заңсыз жұмыстан босату туралы істер жиі қаралуда.

Еңбек саласында құқығы бұзылған азаматтар алдымен келісу комиссиясына барып, мәселені бейбіт шешуге тырысады. Егер келісу комиссиясында дау реттелмеген жағдайда азаматтар талап арызын алып сотқа жүгінеді. Еңбек дауларын қарау бойынша сотқа жүгінудің арнайы мерзімі бар. Мәселен жұмысқа қайта алу туралы талап қою кезінде жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі келісу комиссиясына тапсырылған күннен бастап бір ай ішінде, ал сотқа жүгіну үшін – келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі тапсырылған күннен бастап екі ай ішінде жүгіну керек. Басқа еңбек даулары орын алған жағдайда жұмыскер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл ішінде өз құқығын сот арқылы қорғай алады.

Еңбек құқығын қорғау мақсатында елімізде жұмыс берушілерге жоғары жауаптылық жүктелген. Айталық, еңбек шарты жұмыс беруші кінәсінен жасалмаса, ол үшін арнайы заңдық жаза бар.

Соттарда ең көп қаралатын мәселенің бірі – жұмыстан шығарылған адамды бұрынғы жұмысына қайта алуға қатысты туындайды. Мұндай істерді қарау кезінде жұмыстан шығарудың заңдылығын сот міндетті түрде тексереді. Жұмыскер жұмыстан заңсыз шығарылып, оны қарау кезінде бұрынғы лауазымы іс жүзінде болмаса да, бұрынғы жұмысына қайта алынуы тиіс. Сот жұмыстан заңсыз шығарылған жұмыскердің өтініші бойынша мәжбүрлі түрде бос жүрген уақыты үшін орташа жалақыны оның пайдасына өндіріп береді.

Еңбек дауларын шешуде медиацияға басымдық беріледі. Өйткені, дау қуған адамның еңбек өнімділігі төмендейді. Сондықтан еңбекке байланысты келіспеушілікті сотқа дейін жедел, сапалы шешу жұмысшыға ғана емес, жұмыс берушіге де тиімді екені талассыз.

Айгуль Байкенова,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Азаматтық процестегі мемлекеттік тілдің маңызы

Қазақ тілінің ел үшін құндылығы жоғары. Оның саңызы...

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстегі адам құқығы — ең жоғарғы құндылық

Адам құқығы туралы сөз қозғалғанда Ата заңымыз Конституциямызды еске...

Қазақ тіліне құрмет әрбір адамның өзінен басталады

Кезінде белгілі шығыстанушы-түрколог, этнограф В.В.Радлов «Әлем тілдерінің ішінен тек...

Кассациялық соттың маңызы зор!

Елімізде кассациялық соттардың құрылуы саладағы маңызды өзгерістердің бірі болып...

Ерлі-зайыптылардың арасындағы дауды бейбіт жолмен шешу

Елімізде татуластыру рәсімдерін дамыту дауларды шешудің және азаматтар мен...