Мемлекеттік ипотекалық бағдарламамен алынған үйді жалға беруге бола ма?

Мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар арқылы сатып алынған тұрғын үйді жалға беру заңды ма? Бұл сұрақ көптеген тұрғын үй иелерін қызықтырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Редакциямыздың осы мәселеге қатысты жолдаған ресми сауалына Отбасы банк баспасөз қызметінің директоры Зауре Масгутова жауап берді.

Оның сөзінше, еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, 1997 жылғы 16 сәуірдегі “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңға сай, егер пәтер үлестік меншікте болса, меншік иесі оны басқа меншік иелерінің келісімімен жалға бере алады.

Яғни, пәтер бірнеше адамның ортақ меншігінде болған жағдайда, оны жалға беру үшін барлық меншік иелерінің келісімі қажет. Ал мемлекеттік бағдарламалар арқылы сатып алынған үйлерге келер болсақ, 2023 жылғы ҚР ЖПҚ №151 бұйрығына сәйкес, мұндай тұрғын үйлерді жалға беруге ешқандай шектеу жоқ, — деп жауап берді  Отбасы банк өкілі Зауре Масгутова.

Яғни, мемлекеттік бағдарлама арқылы алынған үйді жалға беруге заң бойынша рұқсат етілген.

Демек, егер пәтер жеке меншікте болса және үлестік меншікке қатысы жоқ болса, оны жалға беруге ешқандай кедергі жоқ. Ал үлестік меншік жағдайында, басқа меншік иелерінің келісімі қажет.

Отбасының әл-ауқат санатына қарамастан төленетін мемлекет жәрдемақылары

Қазақстанда мұқтаждықты бағалаудың жаңа жүйесі енгізілгенімен, кейбір азаматтардың мемлекеттік жәрдемақылары отбасының әл-ауқат санатына қарамастан сақталып қалады.

І тоқсан аяқталуға жақын: мектеп оқушылары бір апта демалады

Оқушылардың тағатсыздана күткен бір апта тынығу сәті де жақындады.

2027 жылы Рамазан қашан басталады? ҚМДБ діни күндер кестесін бекітті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

Республика күніне орай қай өңірлерде халыққа ақша беріледі? 

25 қазан – Республика күніне орай Қазақстанның бірқатар өңірінде азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.