12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда картоп бағасы қымбаттады: үкімет не дейді?

Қазақстанның бірнеше өңірінде картоп бағасының күрт өсуіне байланысты үкімет көкөністі үшінші елдерге экспорттауды жарты жылға шектеу туралы шешім қабылдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, премьер-министрдің тапсырмасымен Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері елдегі картоп нарығының жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр.

«Көрші елдерден, әсіресе Өзбекстаннан сұраныстың артуы және биылғы жоғары экспорттық бағалар салдарынан картоп экспорты 1,5 есеге өсті: 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға дейін. Ажиотаждық сұраныс ішкі нарыққа әсер етті. Соңғы аптада экспортқа бағдарланған өндірушілердің баға деңгейі 170 теңгеден 270 теңгеге дейін көтерілді», — делінген үкіметтің хабарламасында.

Ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру үшін 18 қаңтарда өткен Сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында картопты үшінші елдерге шығаруды 6 айға шектеу туралы шешім қабылданды.

«Бұл шектеу Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне қолданылмайды, бірақ экспортқа қатаң бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар 16 қаңтардан бастап фитосанитарлық сертификаттарды беру толығымен тоқтатылды», — деп түсіндірді үкіметте. 

Үкімет қабылдаған шаралар картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, негізсіз баға өсімін болдырмауға және нарық қатысушыларының алыпсатарлық әрекеттерін шектеуге бағытталған. Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық органдары антимонополиялық органдармен бірлесе отырып, жағдайды күшейтілген бақылауға алып, заңбұзушылықтар анықталған жағдайда шара қолданатынын мәлімдеді.

АШМ мәлімдемесі

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, бүгінгі күнгі картоп қоры ерте өнім шыққанға дейінгі ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге жеткілікті. 19 қаңтардағы жағдай бойынша сауда желілеріндегі қорларды есептемегенде, жалпы қор 850 мың тоннадан асады.

2024 жылы елімізде 2,9 миллион тонна картоп жиналды, оның 300 мың тоннасы ерте өнім.  2024 жылғы импорт көлемі 56 мың тоннаны құрады. 2024 жылдың тамыз айынан бастап ішкі нарыққа жіберілген картоп көлемі 2,6 миллион тонна болса, халықтың жалпы қажеттілігі — 1,5 миллион тонна (оның ішінде қалалық тұтыну — 954 мың тонна) ерте өнім жиналғанға дейін (қаңтар-сәуір). 2024 жылдың тамыз-желтоқсан аралығында тұтынылған көлем — 844 мың тонна, экспорт — 620 мың тонна (2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында). 2025 жылға (қаңтар-сәуір) болжанған тұтыну көлемі — 675 мың тонна.

Ең қымбат картоп Астанада

Қазақстанның түрлі өңірлерінде картоптың бөлшек бағасы екі есеге дейін өсті. Ақтөбеде қаңтар айының басында картоптың бір келісі 200 теңгеден аспаса, соңғы аптада 388 теңгеге дейін көтерілді. Жетісу өңірінде баға 400 теңгеден асып кетті, бірақ сапасы жоғары. Астанада ең қымбат картоптың бағасы — 455 теңге.

ҰЛТТЫҚ ЖОБА БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ АЛШАҚТЫҚТЫ ЖОЯ МА?

Сапалы білім беруге бағытталған «Білімді ұлт» ұлттық жобасының екінші міндеті – орта білімнің сапасын арттыру. Атап айтқанда, өңірлер, қалалық жəне ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасының алшақтығын азайтуға (PISA) негізделген.

Загадка рейса Баку – Грозный 

25 декабря 2024 года мир потрясла новость о крушении самолета Embrar 190 азербайджанской авиакомпании ZL близ Актау. Катастрофа, унесшая жизни 38 человек, породила шквал слухов и противоречивых заявлений, кульминацией которых стала утечка в сеть расшифровки переговоров пилотов с диспетчерами.

Елімізде мопедтерді тіркеу: нені білу қажет?

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі.

Мобильді аударымдарды тексеру: бұл неге қажет және Ұлттық банк не дейді?

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды тексеру бойынша қосымша ережелерді қабылдауға қатысты түсініктеме берді.

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте нешінші орында?

Speedtest Global Index қызметі 2024 жылғы желтоқсанның қорытындысын шығарып, интернеті ең жылдам елдер мен қалалардың рейтингін жариялады.