12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы ақшасын қайда жұмсап жатыр?

Зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін алған қазақстандықтар оны қандай мақсатта қолданып жатыр? БЖЗҚ статистика ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Massaget.kz сұрауына зейнетақы қорындағы жинағын алған қазақстандықтардың статистикасын ұсынды.

Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға барлығы 151 278 адамнан 431 348 өтініш түсіп, шамамен 396,7 млрд теңге БЗТ төленді. Соның ішінде:

  • 32,12% – тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына одан әрі жинақтау үшін салымды толықтыру;
  • 29% — тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара өтеу;
  • 24,2% — ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара өтеу;
  • 10,26% – азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) және т.б. мақсаттарға жұмсалған. 

Ал емделу ақысын төлеу үшін 109 665 адамның жалпы сомасы шамамен 173,9 млрд теңгеге 161 385 өтініші орындалды. Соның ішінде:

  • 98,63% стоматологиялық қызмет алу үшін;
  • 1,19% офтальмологиялық қызметтерді алу;
  • 0,18% басқа медициналық бағыттарға пайдаланылды.

Инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 18.02.2021 ж. бастап 62,25 млрд теңге аударылды. БЖЗҚ 33 079 өтініш берушіден түскен 46 608 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы шамамен 1,34 млн теңге.

Бұл статистикадан көпшілік қазақстандық зейнетақы қорындағы жинағын баспана алу үшін ашқан депозитіне және тіс емдетуге пайдаланғанын көреміз.

2024 жылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделуге ақы төлеу мақсатында орындалған өтініш иелерінің ең көп саны Алматы қаласының (47 226), Астана қаласының (42 422), Маңғыстау облысының (27 804) тұрғындары болды.

Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы ақшасын қалай ала алады? 

Біржолғы зейнетақы төлемі (БЗТ) – 2023 жылдың 01 шілдесінен бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасы есебінен МЗЖ салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) ала алатын қаражат.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мына адамдар ала алады:

  • белгілі бір жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар салымшылар;
  • зейнетақы төлемін алып жүрген зейнеткерлер – БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған сомасының 50% аспайтын шекте, тек ол үшін олардың зейнетақысының жиынтық мөлшері (жасына немесе еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақыны, базалық зейнетақыны қоса алғанда) жоғалтқан табысын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде (кемінде 40%) алмастыруды қамтамасыз етсе; 
  • сақтандыру компанияларымен өмірлік аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан тұлғалар;
  • еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер – оларға МЗЖ есебінен қалыптастырылған өздерінің зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалануға құқық берілді.

Егер сіз осы санаттағы азаматтардың біріне жатсаңыз, зейнетақы жинақтарын шексіз рет пайдалана аласыз.

«Ескерте кететін маңызды жәйт, әрбір салымшы зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда тұрғын үй сатып алу немесе емделу үшін зейнетақы жинағының жеткілікті шектен асатын бөлшегін пайдалана алады. Алайда, болашақта ол зейнетақы жинақтарын пайдаланбаған салымшыларға қарағанда аз зейнетақы алатындығын есте ұстаған жөн. Өйткені, зейнетақы шотында қалатын ең төменгі жеткіліктілік шегі салымшыны зейнетақы төлемдерімен ең төменгі зейнетақыдан төмен болмайтын мөлшерде ғана қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — дейді БЖЗҚ-да.

БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарыңыз «жеткілікті шектен» асып тұрса, оны алу үшін уәкілетті операторға жүгіну қажет.

БЗТ алуға өтініш қабылдайтын уәкілетті операторларға мыналар жатады:

  • «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ;
  • «Қазақстан Халық банкі» АҚ;
  • «Altyn Bank» АҚ;
  • «Банк ЦентрКредит» АҚ;
  • «Фридом Банк Казахстан» АҚ.

Уәкілетті оператор біржолғы зейнетақы төлемін алуға берілген өтінішті қарағаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға электрондық хабарлама жібереді. БЖЗҚ уәкілетті оператордан электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде, БЗТ-дан бас тарту үшін негіздер болмаған кезде, уәкілетті операторда ашылған арнайы шотына алушының БЗТ сомасын аударады. 

2025 жылы ең төменгі жеткіліктілік шегі қандай?

Еске салайық, 2025 жылы ең төменгі жеткіліктілік шегі өзгеріссіз қалды. Егер зейнетақы қорындағы жинағыңыз жасыңызға сай минималды жеткіліктілік шегінен асып тұрса, содан асқан соманы ала аласыз.

Мысалы, сіздің жасыңыз 25-те, сіз үшін минималды жеткіліктілік шегі — 3 890 000 теңге. Ал сізде зейнетақы қорында 4 200 000 теңге жиналған болса, 310 000 мың теңгені тіс емдетуге, түрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе басқа да себепке пайдалануға ала аласыз.

Несие алу: 2025 жылдан бастап қандай өзгерістер болады?

2024 жылы 6 613 727 қазақстандық несие алған. 2024 жылы қазақстандықтардың берешегі 2023 жылмен салыстырғанда 22,2%-ға артқан. Ал 2025 жылы несие алуда қандай өзгерістер болмақ?

Әлеуметтік желіде жоғалып кеткен қазақ әуендері қашан қайтарылатыны әлі де белгісіз

Meta компаниясына тиесілі Instagram мен Facebook қазақ әуендерін қашан желіге қайтаратынын ашып айтпай отыр. Әділет министрлігі келіссөздердің әлі күнге дейін жалғасып жатқанын мәлімдеді.

ҚМДБ кибербуллингке қатысты үкім шығарды

ҚМДБ кибербуллингке қатысты үкім шығарды.

Жемқорларды шетелге шығармау нормасы қаралуы мүмкін

Таяуда заң жобасына жемқорларды шетелге шығармау туралы норманы енгізу мәселесі қаралуы мүмкін. Бұл туралы Сенат кулуарында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мәлім етті.

Израиль мен Хамас Газадағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келді — БАҚ

Израиль мен палестиналық Хамас қозғалысы Газадағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келді.