Жемқорларды шетелге шығармау нормасы қаралуы мүмкін

Таяуда заң жобасына жемқорларды шетелге шығармау туралы норманы енгізу мәселесі қаралуы мүмкін. Бұл туралы Сенат кулуарында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мәлім етті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

15 қаңтар Мәжілісте жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобасы талқыланып, депутат Азат Перуашев жемқорларды елден шығармау туралыс ұсынысын білдірген еді. Бүгін журналистер вице-министрдің аталған ұсынысқа деген көзқарасын сұрады. Өз кезегінде, Жақселекова аталған түзету жұмыс тобының қарауына ресми түрде енгізілмегенін айтты.

«Кеше бұл жайында айтылған еді, яғни бізде оны талқылауға уақыт бар. Заң жобасын екінші оқылымға даярлау кезінде бірнеше рет жұмыс тобының отырысы өтеді. Егер депутаттар осы бастаманы көтерсе, біз оны қарастырамыз», — деді вице-министр.

Айта кетейік, 15 желтоқсан Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат бірінші оқылымда мақұлданды. Онда сыбайлас жемқорлардың аты-жөні жария тізілімге енетіні туралы жаңа бап бар. 

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...