12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қысқы ауа райынан қанша қазақстандық зардап шекті?

Қыс айлары аяз бен қауіпке толы мезгіл. Бұл кезеңде көпшілік үсікке шалынып, мұздан тайып мертігіп жатады. Елімізде осыған ұқсас қанша жағдай тіркелгенін ҚР Денсаулық сақтау министрлігініен Massaget.kz тілшісі сұрап білді. 

Министрліктің мәлімдеуінше соңғы үш жылда 2722 адамды үсік шалған. Оның ішінде 24 адам қысқы аяздан қайтыс болған. 

«2022 жылғы көрсеткіш- 876 (өліммен аяқталғаны- 9); 2023 жылғы көрсеткіш — 1176 (өліммен аяқталғаны — 9; 2024 жылғы көрсеткіш бойынша- 1179 (өліммен аяқталғаны — 6), яғни бұл стационарлық ем алған науқастар, амбулаториялық көрсеткіштер Республика саны бойынша 2022 жылы — 608; 2023 жылы- 778; 2024 жылы -1336 болып табылады» деп жауап берді министрлік. 

Газдан уланғандар саны қанша?

Сондай-ақ, ДСМ көмірқышқыл газымен уланғандардың санын ұсынды. Дерекке сенсек, соңғы үш жылда 4173 адам газдан уланып, оның ішінде біреуі ажал құшқан. 

«Республика бойынша соңғы үш жылда көмірқышқыл газынан уланумен емдеуге жатқызу көрсеткіші бойынша 2022 жылда- 1350 (қайтыс болумен аяқталғаны-1); 2023 жылғы көрсеткіш-1586 (қайтыс болумен аяқталғаны-0); 2024 жылғы көрсеткіш бойынша- 1237 (қайтыс болумен аяқталғаны-0)» делінген жауапта. 

Нені ескеру керек?

Денсаулық сақтау министрлігі мерзімдік жарақаттар  бойынша, қыс айларында жарақаттану көрсеткіші өсетінін айтты. 

«Республика бойынша қыс айларында жарақаттармен емделгендер саны стационарларда 2022 жылы — 150 653; 2023 жылы — 166 124; 2024 жылы — 174 375 адамды құрады. Көше жарақаттары бойынша барлық жыл мезгілдерін алғандағы көрсеткіштер саны 2022 жылы — 34 846; 2023 жылы — 39 601; 2024 жылы — 19 785 құрады» деп қосты ДСМ.

Қыстың қолайсыз ауа-райы азаматтардың өміріне көп қауіп төндіреді. Көк тайғақ кездерінде жол апаттары, адамдардың жарақаттануы, жылу қазандықтарының жылуға қосылу уақытында көмірқышқыл газымен уланғандар саны артатыны да белгілі. Аталмыш статистиканы ұсына келе министрлік тұрғындарды қауіпті ауа-райы кезінде сыртқа шықпауға, тайғанақ жолдарда сақ болуға, мұқият жүруге шақырды. 

Израиль мен Хамас Газадағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келді — БАҚ

Израиль мен палестиналық Хамас қозғалысы Газадағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келді.

Сыйлық пен параны қалай ажыратуға болады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов сыйлық пен параның айырмашылығын түсіндіріп, алғыс білдіруге арналған тиісті соманы атады.

Зейнетақы қорынан ақша алу: 2025 жылы “жеткілікті шек“ өсе ме?

ТЖШ - бұл ай сайынғы зейнетақыны ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес көлемде қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының (міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған) ең төменгі мөлшері.

Қазақстанда қай кредит автоматты түрде жойылады?

Әрбір азамат қарыз алу мүмкіндігіне шектеу қою құқығына ие.

Оңтүстік Корея президенті қамауға алынды

Оңтүстік Кореяда тергеушілер уақытша шеттетілген, бірақ елдің қазіргі президенті Юн Сок Ельді бүлік шығарды деген айыппен қамауға алды.