Зейнетақы қорынан ақша алу: 2025 жылы “жеткілікті шек“ өсе ме?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2025 жылы ең төменгі жеткіліктілік шегі өзгеріссіз қалатынын хабарлады — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«БЖЗҚ 2025 жылға арналған ТЖШ (ең төменгі жеткіліктілігі шегін) жариялап, ТЖШ өлшемдері 2024 жылғы деңгейде өзгеріссіз қалғанын хабарлайды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2024 жылы да ТЖШ мөлшері көтерілмеген болатын.

Ең төменгі жеткіліктілік шегі дегеніміз не?

ТЖШ — бұл ай сайынғы зейнетақыны ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес көлемде қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының (міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған) ең төменгі мөлшері.

Бұл әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, сондай-ақ, болашақ зейнетақы жарналарының (ең төменгі жалақы мөлшерінен) болжамды есептеулеріне және инвестициялық кірістілікке сүйене отырып анықталатын зейнетақы жинақтарының бағалау сомасы. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі — бұл салымшының зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін (ең төменгі базалық зейнетақы төлемі есебімен) алуы үшін шотта қалуы тиіс ең төменгі көрсеткіш.

ТЖШ есептеу Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. Әдістемеге сәйкес, биылғы жылға арналған ТЖШ есептеу кезінде 2025 жылға арналған мына әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылды:

  • ең төменгі жалақы мөлшері — 85 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 32 360 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері — 62 771 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы — 46 228 теңге.

 «Жеткілікті шектен» асқан адамдар зейнетақы қорындағы ақшасын ала алады

Салымшы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақ есепшотындағы қаржысының шекті мөлшерден асқан бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе жекеменшік қаржы компанияларының басқаруына беруге құқылы. Ондай салымшылардың қатарына мыналар кіреді:

  • БЖЗҚ-дағы жинақ салымы «жеткілікті шектен» асатын, жұмыс істеп жүрген азаматтар;
  • бұрынғы табысының (еңбекақы) кемінде 40 пайызына тең мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы қаражатының 50 пайызына дейін ала алады;
  • бұған дейін өзіне зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және сақтандыру қорына аударғаннан кейін де БҚЖЗ-да салымы қалған азаматтардың ол ақшасын толығымен алуға хақы бар.

2025 жылы адамның жасына қарай ең төменгі жеткіліктілік шектері мынадай:

2025 жылғы ең төменгі жеткіліктілік шегі
Сурет: massaget.kz

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...