12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Даби саммитінде не ұсынды?

Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігіне баса назар аударып, күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселенің бірі ретінде атады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Әлемдік нарықты азық-түлік өнімдерімен және тыңайтқыштармен тұрақты қамтамасыз ету үшін инновациялық тәсілдер қажет. Қазақстан халықаралық нарыққа мол көлемде бидай мен ұн экспорттайтын ел ретінде орнықты ауыл шаруашылығының әдістері мен технологияларын одан әрі жетілдіруді көздейді», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, аталған сын-қатерлерге төтеп беру үшін әлемге жаңа даму парадигмасы керек. Ол орнықтылық, әділдік пен тұрақтылық ұғымдарына негізделуге тиіс. Жаһандық проблемаларды үш маңызды қағидатқа арқа сүйеген біртұтас жүйе арқылы шешуге болады.

«Бірінші, «жасыл» қаржыландырудың қолжетімділігі. Оның көлемі елеулі түрде ұлғаюға тиіс. Екінші, технология трансферті, техникалық қолдау және ғылыми зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың аясын кеңейту. Күн энергиясы, «ақылды» ауыл шаруашылығы, көміртегі сүзгісі және жасанды интеллект негізіндегі климаттық технологиялар әртүрлі инновациялық шешімдер ұсынады. Үшінші, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі басымдықтардың, экономикалық даму мен жасанды интеллектінің синергиялық ықпалдастығы. 2030 жылға қарай жаһандық ішкі жалпы өнімнің 16 пайыздан астамын осы үш бағыттың өзара үйлесімі қамтамасыз етуі мүмкін. Бұдан шығатын қорытынды: мемлекеттер орнықты даму саласындағы түрлі мақсаттарға барынша икемді әрі дербес тәсіл қолданғаны дұрыс», — деді Мемлекет басшысы.

Президент сөз соңында аталған саммит орнықты даму саласындағы алдағы онжылдықтарға арналған басымдықтарды айқындап, әрекеттерді үйлестіретін маңызды алаңға айналуына тілектeстік білдірді.

Саммитте Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Руанда Президенті Поль Кагаме, Финляндия Премьер-министрі Петтери Орпо, Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим, Халықаралық табиғатты қорғау одағының президенті Разан Әл Мүбарак және басқалар сөз сөйледі.

Tele2 мен Altel қатарлық компанияға сатылды

Биржа мәліметінше, мәміле 2025 жылғы 14 қаңтарда аяқталды. "Қазақтелеком" "Мобайл Телеком-Сервис" акционерлік қоғамының жарғылық капиталындағы 100 пайыз үлесін Qatar PIH Communication LLC (Power International Holding) пайдасына сатты.

2025 жылы студенттер үшін қандай өзгеріс болмақ?

2025 жылы университет және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады.

Қазақстанның мемлекеттік қарызының жалпы көлемі қанша?

Елдің мемлекеттік қарызы неғұрлым төмен болса, оның экономикалық жағдайы соғұрлым тұрақты болады. 

2025 жылы Қазақстанда үй бағасы қалай өзгереді?

2024 жыл тұрғын үй нарығы тұрақты болды, дейді мамандар. Шаршы метрдің бағасы айтарлықтай өзгерген жоқ, ал кейбір жағдайларда сатушылар тіпті жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Бұл туралы Қазақстандық жылжымайтын мүлік федерациясында хабарлады.

Метапневмовирусқа байланысты пандемия болуы мүмкін бе?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус метапневмовирус туралы пікір білдірді.