2024 жылы қылмыс саны қаншаға азайды?

ІІМ 2024 жылды қорытындылады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Былтыр қабылданған кешенді шаралардың арқасында елімізде қылмыс саны 12,5 мыңға, ал жалпы қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 8 мыңға азайған. Аса қауіпті қылмыстар, оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ұрлық, мал ұрлығы, алаяқтық, қарақшылық және тонау қылмыстары төмендеген.

Министрліктің құрылымында есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылды. 12 ай ішінде 7920 есірткі құқықбұзушылығы анықталды, оның ішінде 3430-ы қылмыс. — Шамамен 22 тонна есірткі тәркіленді. 63 есірткі зертханасы жойылды.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес — полиция жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі. Ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық етіп, оған қатысудың 45 дерегі анықталып, жолы кесілді, оның ішінде үшеуі трансұлттық болған.

Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін іздеуде жүрген 1949 қылмыскер ұсталды. Сондай-ақ 1361 жоғалған адамның мекенжайы анықталды.

Жол қауіпсіздігі мәселесі де назардан тыс қалмаған. Былтыр елімізде 30 мыңнан аса жол апаты тіркелген.

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...