Қазақстанда жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер аталды

2024 жылы Қазақстанда жаңа туған балаларға қойылған ең танымал есімдер рейтингінде елеулі өзгерістер болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ер балалардың есімдері арасында Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша көшбасшы орынға Мұхаммед есімі шықты, ол 2014 жылдан бері рейтингті бастап келген Алихан есімін алмастырды. Бұған дейін топ-10 есімдер қатарына кірген Нұрислам есімі 2024 жылы тізімнен шықты.

2024 жылы ұлдарға қойылған топ-10 есім:

  • Мұхаммед (3633 адам);
  • Айсұлтан (2862);
  • Алихан (2719);
  • Мухаммад (2712);
  • Омар (2484);
  • Алдияр (2295);
  • Амир (2266);
  • Алан (2259);
  • Али (1912);
  • Хамза (1857).

Қыз балаларға қойылған танымал есімдер

Қыздар арасында топ-10 тізімге алғаш рет Мариям есімі кірді, ол Амина есімін ығыстырды. Рейтингтің бірінші орнында Айлин есімі қалды.

2024 жылы қыздарға қойылған топ-10 есім:

  • Айлин (5578 адам);
  • Медина (5417);
  • Асылым (5020);
  • Айша (4493);
  • Томирис (3369);
  • Аяла (2986);
  • Айым (2875);
  • Мариям (2794);
  • Раяна (2782);
  • Сафия (2775).

Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметтері бойынша 1 желтоқсанда Қазақстанда 20 265 320 адам тұрды. 2024 жылдың басымен салыстырғанда қазақстандықтар саны 231 478 адамға көбейді. Табиғи өсім 217 133 адам, миграция сальдосы 14 345 адам болған.

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...