Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?

Қаңтарда өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 30 желтоқсанда аяқталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

167 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 мыңға көп. ҰБТ 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.

«ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат апелляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады.
 
ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны — 120″ — делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында. 

Түркістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті: зардап шеккендер бар

Тасымалдаушының мәліметінше, вагонда 36 жолаушы болған, оның ішінде 13-і - балалар.

Қазақстан шоколад экспортынан рекорд жаңартты

Физикалық көлемде импорт 2 пайызға азайғанымен, елге барлығы 27,3 мың тонна өнім әкелінген. Оның 70 пайыздан астамы Ресейден импортталған.

Елімізде пара алу деректері ең жиі тіркелетін өңірлер белгілі болды 

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық статистикасы. Астана, Алматы және Қостанай облысы пара алу және пара беру бойынша көш бастады.

Новый формат политического единства 

НА ПОЛИТИЧЕСКОЙ АРЕНЕ КАЗАХСТАНА ЗАКРЫЛАСЬ ОДНА ГЛАВА И ОДНОВРЕМЕННО...

Елімізге биыл 3 миллион турист келген

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, осы кезеңде 2,47 миллион қазақстандық шетелге шыққан болса, елімізге 3 миллион адам келген.