spot_img
spot_img

2025 жылдан бастап кімдердің мобильді аударымдары қадағаланады?

Биыл жыл басынан бастап қазақстандықтардың мобильді аударымдарына қатаң бақылау енгізілді. Бұл кәсіпкерлерді өз ісін адал жүргізуге үйретті. Ал 2025 жылы кімдердің мобильді аударымдары тексеріледі? Бұл сұраққа Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берген болатын. Massaget.kz тілшісі түсіндіреді.

Комитет мәліметінше, барлық Қазақстан азаматының мобильді аударымдары қатаң бақылауға алынбайды. Мониторинг үш ай ішінде ай сайын 100 және одан да көп түрлі жөнелтушілерден қаражат түсетін шоттар бойынша жүргізілетінін нақтылады. Бұл кәсіпкерлік қызметтің белгісі болып саналады.

«Тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер бақылау саласынан шығарылады».

Мобильді аударымдарды тек жеке мақсатта пайдаланатын жеке тұлғалар үшін шектеулер жоқ. 

Айта кетейік, бұзушылықтар анықталған жағдайда айыппұлдардан (15-тен 50 АЕК-ке дейін) дара кәсіпкер (ЖК) ретінде міндетті тіркеуге дейін шаралар қабылданады. Мысалы, жылдық табысы 12 ең төменгі жалақыдан асатын жеке тұлғалар Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес жеке кәсіпкерді тіркеуге міндетті.

2025 жылға жоспар

МКК 2023 жылдан бастап банктерден мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларының аударымдарын, ал биылдан бастап — квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің аударымдары туралы деректерді ала бастады. 2025-2026 жылдарға қарай мониторинг жүйесіне ЖК, заңды тұлғалардың басшылары мен қалған халықты қосу жоспарланған. 

«Көптеген кәсіпкер қазір салық міндеттемелерін адал орындау әлдеқайда тиімді екенін түсінді. Мобильді аударымдарға бақылау енгізілгеннен кейін көптеген адам QR-кодтарды немесе банк терминалдарын қолдана бастады», — деп хабарлады МКК.

Сонымен қатар МКК үш ең төменгі жалақыдан асатын аударымдар сомасына лимит енгізу арқылы бақылау критерийлерін толықтыруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл жасырын кәсіпкерлік қызметті анықтауға мүмкіндік бермек.

Еске салайық, қазақстандық азаматтардың мобильдік аударымдары 2024 жылдың басынан бері тексеріледі. 

ЗИМНЯЯ ЛОВУШКА

Едва стихли новогодние фейерверки, вместо радостного предвкушения новых начинаний многие казахстанцы столкнулись с ледяным ужасом на дорогах.

2024 жылы қызмет барысында 122 журналист қаза тапқан

2024 жылы әлемде 122 журналист пен БАҚ қызметкері қайтыс болды. Оның ішінде 14-і әйел.

Қазақстан IQ деңгейі бойынша нешінші орында?

Қазақстан IQ (интеллект) деңгейі бойынша 127 елдің ішінде 66-орында. Бұл туралы International IQ Test порталындағы рейтингте жарияланды.

Метапневмовирустың өршуі: қазақстандықтарға дәрі-дәрмек жете ме?

"СК-Фармация" ЖШС қоймаларда жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекциясын емдеуге арналған препараттардың қажетті қоры бар екенін мәлімдеді.

Елімізде тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатаңдатылмақ

Мәліметке сүйенсек, жаңа жылдан бастап күшіне енген жаңа ереже бойынша енді жеткізушінің жеке деректері тексеріледі. Бірыңғай стандартқа сәйкес курьерлерде жеке медициналық кітапша болуы керек.