Ақтау маңындағы ұшақ апаты: оқиға хронологиясы қандай?

25 желтоқсанда таңертең Ақтау маңында Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырады. Massaget.kz редакциясы жағдайды бақылап отыр. Бұл уақытқа дейін не белгілі? Оқиға орнында не болып жатыр?

Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ Ақтауға шұғыл қонуды сұрады деген алғашқы ақпарат сағат 11:20-да пайда болды.

Грозный әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, бағыт өзгеруіне қалың тұман себеп болған. Ұшақ алдымен Махачкалаға, одан кейін Ақтауға қайта бағытталды.

Алғашында ұшақ қатты қонған деп хабарланды, кейін оның құлағаны белгілі болды. Апат болған жерден түсірілген видеолар тарады. 

БАҚ мәліметінше, апатқа ұшақтың құстарға соқтығысуы себеп болған.

Алдын ала ресми мәлімет бойынша ұшақ бортында 67 адам болды. ТЖМ мәліметінше, жолаушылар арасында аман қалғандар бар.

  • Бүгін, 12:41

Құтқарушылар Ақтау маңында ұшақ құлаған жерде шыққан өртті ауыздықтады. ТЖМ орталық клиникалық ауруханасында дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеп жатыр. 

  • Бүгін, 12:43

Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ Ақтауға шұғыл қонуды сұрады деген алғашқы ақпарат сағат 11:20-да пайда болғаны айтылды. 

  • Бүгін, 12:46

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ — қысқа және орта бағыттарда кеңінен қолданылатын қос қозғалтқышты Embraer ERJ-190. Ұшақтар бразилиялық компанияда жасалған. ERJ-190 (E190) моделі кабинаның конфигурациясына байланысты 96-дан 114 жолаушыны тасымалдауға арналған. Бұл ұшақтар 4500 шақырымға дейін ұша алады. 

  • Бүгін, 12:48

Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы мәлімдеме жасады. 

  • Бүгін, 12:51

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұшақ апаты болған жерге барды.

Өңір басшысы оқиғаның мән-жайын біліп, құтқару жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар барлық құзырлы органға тиісті тапсырмалар берді және барлық жағдайдың бақылауда екенін айтты.

  • Бүгін, 12:53

Денсаулық сақтау министрі ұшақ апаты болған жерге 14 жедел жәрдем бригадасы жөнелтілгенін айтты. Вице-министр оқиға орнына шықты, Астанада бір вице-министр жұмысты үйлестіріп жатыр. Санитарлық авиацияның рейстері сапарға дайындалып, травматологтар мен нейрохирургтер жіберілді.

  • Бүгін, 12:58

Министрліктің алдын ала ақпаратына сәйкес бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.

  • Бүгін, 13:13

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудағы жағдайға байланысты тапсырма берді. Президенттің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды. Оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға Астанадан дәрігерлерді жіберуді және зардап шеккендерге барлық қажет көмекті көрсетуді тапсырды.

  • Бүгін, 13:27

Көлік министрлігінің мәліметінше, қазір Ақтау әуежайы ашық, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

  • Бүгін, 13:32

Фото: Иса Тәженбаев, Ерлан Жұмаев/Tengrinews

  • Бүгін, 13:39

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты Ресейден Бакуге оралды. Әлиев Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының саммитіне қатысуы керек еді.

  • Бүгін, 13:43

Денсаулық сақтау министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша ұшақ апатынан 28 адам аман қалды, оның екеуі — бала.

  • Бүгін, 13:46

Балалар омбудсмені Динара Зәкиеваның айтуынша, аман қалған балалар — 2013 және 2008 жылы туған қыздар. Оларға қажетті көмек көрсетіледі.

  • Бүгін, 13:49

Әзербайжандық БАҚ Ильхам Әлиевтің тапсырмасымен мемлекеттік органдардың өкілдері ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға барды деп жазып жатыр. 

  • Бүгін, 13:54

Федерал әуе көлігі агенттігінің мәліметінше, Ақтау әуежайында Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына құстардың соқтығысуы себеп болуы мүмкін.

  • Бүгін, 13:56

Lada.kz мәліметінше, Ақтау тұрғындары ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсыру үшін қалалық қан орталығына барып жатыр. 

  • Бүгін, 13:59

Telegram-арналары Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырауына байланысты Баку әуежайында жаңажылдық шырша алынып жатқанын жазды.

Қазақстанда 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр

Министрдің айтуынша, елімізде еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1,7 миллионға жетеді.

Елімізде көмірден газ бен дизель отыны өндірілмек 

Қазіргі уақытта елде көмір химиясы саласындағы үш ірі жоба жүзеге асырылуда.

Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалыс: Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалған? 

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионнан асты. Мемлекет білім беру, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және денсаулық сақтау бағыттарында жаңа бастамаларды іске асырып жатыр.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырыла бастағанын айтып, жас ұрпақты қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді.