Ақтаудағы ұшақ апаты: Тоқаевтың тапсырмасымен комиссия құрылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудағы жағдайға байланысты тапсырма берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президенттің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды. Оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға Астанадан дәрігерлерді жіберуді және зардап шеккендерге барлық қажет көмекті көрсетуді тапсырды.

Сонымен қатар Ақтау қаласы маңындағы қайғылы оқиғаның себептерін тергеу үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Үкіметтің қаулысымен Ақтау қаласы әуежайы маңында Az Airlines әуе компаниясының Эмбраер 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тергеу үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Комиссия құрамына Премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры енгізілді.

Комиссияға оқиға орнына дереу бару, ұшақтың құлау себептерін жан-жақты тергеуді қамтамасыз ету, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына шұғыл көмек көрсету шараларын қабылдау тапсырылды.

Қазақстан Үкіметі оқиға себептерін жан-жақты тергеу және шұғыл көмек көрсету бойынша Әзербайжан Үкіметімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. 

Ақтаудағы ұшақ апаты туралы не белгілі?

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.  Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. 

Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.

Қазақстанның Көлік министрлігі де төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. 

Қазақстанда 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр

Министрдің айтуынша, елімізде еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1,7 миллионға жетеді.

Елімізде көмірден газ бен дизель отыны өндірілмек 

Қазіргі уақытта елде көмір химиясы саласындағы үш ірі жоба жүзеге асырылуда.

Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалыс: Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалған? 

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионнан асты. Мемлекет білім беру, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және денсаулық сақтау бағыттарында жаңа бастамаларды іске асырып жатыр.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырыла бастағанын айтып, жас ұрпақты қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді.