spot_img
spot_img

Алматылықтарға екі ай бұрын салынған айыппұлдар келіп жатыр — полиция не дейді?

Алматыда жүргізушілер «Сергек» камералары қазанда тіркеген ЖҚЕ бұзу деректері бойынша айыппұлдар ала бастағанын хабарлады. Қаланың Полиция департаменті бұл жағдайдың себебін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ӘҚБтК нормаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі айды құрайды.

«Егер адам айыппұл туралы тиісті түрде хабарланса, екі ай ішінде келіп түскен төлем туралы нұсқама міндетті түрде орындалуы тиіс. Егер азаматтарға автоматты камералар тіркеген айыппұлдар туралы хабарламалар көрсетілген мерзім өткеннен кейін келсе, олар бұл нұсқаманы Алматы полиция департаментіне шағымдана алады», — деп түсіндірді ведомство.

БАЛАЛАР НЕГЕ СПОРТҚА ҚЫЗЫҚПАЙДЫ?

Экономика дамып, технология жетілген сайын дене белсенділігі азайып бара жатыр. Деректер 2022 жылы бүкіл әлем бойынша ересектердің үштен бір бөлігі, яғни 31 пайызының ғана дене белсенділігінің тиісті деңгейде екенін көрсетеді. Бірқатар елде бұл көрсеткіш 70 пайызға жетуі мүмкін.

Бүгін Алматыдағы барлық 80 шыршаның шамдары жағылады

Бүгін Алматыдағы барлық 80 шыршаның шамдары 19:00-де жағылады. Бас шыршаның шамын жағу рәсімі Абай атындағы алаңда өтеді.

Қазақстан трассаларындағы қарды тазалауға қанша қаржы бөлінді?

Қалың қар жауғалы кей жолдар жабылып, жүру мүмкін болмай қалды. Мұндай кезде қаладан қалаға жол жүру тіпті қауіпті. Жауған қар келесі күні еріп, мұзға айналуы мүмкін. Республикалық маңызы бар жолдарды кім тазартады?

Қазақстанда бір бөлке нанның бағасы қанша болуға тиіс?

Қазақстанда бір бөлке нанның бағасы қанша болуы керек деген сұраққа Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді.

Техника тапшылығы әлде қауіпсіздік: неге қыста жолдар жиі жабылады?

Көптеген қазақстандық тасымалдаушылар республикалық жолдардың жағдайына жиі шағымданады. Жүргізушілердің айтуынша, жолдар тазалауға арналған арнайы техниканың және жұмыс күші жетіспеушілігіне байланысты жабылып отыр.