Жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем беріледі. Бұл туралы не белгілі?

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған қанша адам әлеуметтік төлем алғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қанша адам әлеуметтік төлем алды?

Министрліктің ресми ақпаратына сүйенсек, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны — 275,7 мың адам. Биыл 235,6 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 79,3 млрд теңге болды.

Әлеуметтік төлем қандай жағдайда беріледі?

Жұмыстан босатылған азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған табыстың 45%-ына дейінгі мөлшерде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен төленеді.

«Жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан беріледі, бұл жұмыссыз адамды жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған», — деп жазылған ақпаратта.

Төлемді қалай алуға болады?

Төлем тағайындалуы үшін жұмыстан босатылған азаматқа мына қадамдарды орындау керек:

— eGov.kz порталында тіркелу;

— «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

— онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық жерді толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;

— бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы жұмыс орындарын ұсынады;

— жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге мансап орталығы қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);

Бұл қызметті онлайн режимде Электрон еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Қазақстанда 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр

Министрдің айтуынша, елімізде еңбек қызметіне рұқсат етілген 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің саны 1,7 миллионға жетеді.

Елімізде көмірден газ бен дизель отыны өндірілмек 

Қазіргі уақытта елде көмір химиясы саласындағы үш ірі жоба жүзеге асырылуда.

Ұлттық қор, тегін тамақ және жазғы демалыс: Қазақстан балаларына қандай жағдай жасалған? 

Қазақстанда балалар саны 6,9 миллионнан асты. Мемлекет білім беру, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік және денсаулық сақтау бағыттарында жаңа бастамаларды іске асырып жатыр.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырыла бастағанын айтып, жас ұрпақты қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін жеткізді.