Қарашада кімдерге ең жоғары жалақы ұсынылды?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарашада электрон еңбек биржасында ең жоғары жалақы ұсынылған бос жұмыс орындарын атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бас құрылысшыларға (орта есеппен 726 мың теңгеден бастап), өндіруші өнеркәсіптегі қызмет бастықтарына (шамамен 649 мың теңге) және диірменшілерге (шамамен 580 мың теңге) ұсынады.

«Жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақыны әзірлеу жөніндегі жобалардың басшысы (орта есеппен 1,3 миллион теңгеден бастап), талдау қызметінің бастығы (шамамен 1,2 миллион теңге) және ұшқыштар (шамамен 1,1 млн теңге) сұрады», — делінген хабарламада.

2024 жылдың қарашасында Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) 96,9 мың бос жұмыс орны және 91,7 мың түйіндеме жарияланған, яғни жұмыс берушілердің де, ізденушілердің де белсенділігі құлдырау динамикасын жалғастырды. Қазанмен салыстырғанда бос орындар саны 22 пайызға (26,7 мыңға) азайды, ал түйіндеме саны 14 пайызға (14,3 мыңға) азайған.

«Сұраныстың күрт төмендеуі негізінен жылу саласы жұмыскерлерінің қажеттілігінің төмендеуімен байланысты. Қазандық операторлары арасында айтарлықтай төмендеу болды – қазан айында 7 мыңнан қараша айында 500-ге дейін, қазандық машинистері – 2,3 мыңнан 408-ге дейін, сондай-ақ от жағушылар – 6,3 мыңнан 805-ке дейін төмендеді».

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...