Мемлекет басшысы 2023 жылғы халыққа Жолдауында «…экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау жұмысын жалғастыру қажет. Бұл жерде сөз кәсіпкерлерге және олардың экономикалық теріс әрекетке қатысты істер туралы болып отыр. Салық саласында заң бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын шекті анықтайтын әділ механизм енгізу қажет деген болатын» — деген болатын.
Осы орайда қылмыстық заңнаманы ізгілендіру қолға алынып, 2024 жылы 5 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерін қылмыстық сипаттан арылту және Қазақстан Республикасының заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң (2024 жылы 5 қыркүйекте күшіне енді) қабылданды.
Жаңа өзгерістерге сай бизнестің мүдделерін қозғайтын Қылмыстық кодекстің төрт бабы, атап айтқанда 219-бап (Кредиттi заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану) пен 241-бап(бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу) толығымен қылмыс санаттарының қатарынан алынып тасталса, 234-бап(Экономикалық контрабанда) және 236-бап(Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден жалтару) ішінара қылмыссыздандырылды.
Жоғарыда аталған өзгеріске сай 234-баптың қылмыстың саралаушы белгі болып табылатын алып өткізілген тауарлардың құны — ірі мөлшерде 10 мың АЕК-ден 20 мың АЕК-ге, аса ірі мөлшерде 20 мың АЕК-тен 30 мың АЕК-ке дейін жоғыралады.
Осыған сәйкес экономикалық контраба үшін алып өткізілетін тауардың құны 10 мың АЕК-тен асқанда қылмыстық құқық бұзушылық болып саналатын болса, бұдан былай тауардың құны 20 мың АЕК-ке дейінгі болса, онда ол әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қаралады.
Ал, ҚК-нің 236-бабы бойынша кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының құны 5 000-нан 10 000 АЕК-ке дейін көтерілді.
Сондай-ақ осы бағытта қылмыстық-процестік кодексінің 179-бабы (Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы)3)-тармақпен толықтырылды.
Атап айтқанда, бұдан былай:
- салықтық тексеру актісі, тұжырымдарында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің барын көрсететін жеткілікті деректер қамтылған мемлекеттік кіріс органдары маманының қорытындысы (анықтамасы) қоса берілмей;
- мемлекеттік кіріс органдарының салықтық тексеру нәтижелеріне сотқа дейінгі шағым жасау кезінде уәкілетті органның шешімі шығарылғанға дейін, ал сотқа шағым жасау жағдайларында сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;
- іс-әрекетті қылмыстық топтың құрамында жасау белгілері болған, сондай-ақ есепке жазу іс жүзінде жұмыстар орындалмаған, қызметтер көрсетілмеген, тауарлар тиеп-жөнелтілмеген мәмілелер бойынша жүргізілген не тапсырылуы міндетті болатын декларация ұсынылмаған не салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру арқылы декларацияға кірістері және (немесе) шығыстары туралы көрінеу бұрмаланған деректер енгізілген жағдайларды қоспағанда, салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдың есепке жазылған сомалары толық өтелген кезде салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактілері жөнінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар немесе баянат тіркелуге жатпайды.
Бұл әрине қоғамға аса қауіп төндіре қоймайтын экономикалық қылмыстарға жаңаша көзқараспен қарау болса, екінші жағынан экономиканың күретамырына айналған бизнес өкілдеріне тағы да бір мүмкіндік беру болып табылады.
Қ.Абдуллаев
Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы