ЖЕКЕ КӘСІПКЕР КӨБЕЙСЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ АЗАЯ МА?

Елдегі әрбір ашылған жеке кәсіпкерлік өзін жұмыспен қамтып қоймай, жоқ дегенде екі адамды жұмыссыздықтан құтқарып жүр. Жалпы жеке кәсіпкерлікті үлкен бизнестің бастауы деп түсінсек, бұл саладағы көрсеткіштің өсуі – экономикалық дамуды арттырары сөзсіз.

Мысалы, биылғы бірінші тоқсанды алсақ, республикада 1,38 млн жеке кәсіпкер жұмыс істейтіні белгілі болған. Бұл былтырғыға қарағанда 4% жоғары. Еліміздегі кәсіпкерлердің жыл басындағы үш айда шығарған өнімі 3,83 млн теңгені құраған. Яғни былтырғы көрсеткіштен 2,3 есе көбейген. Бұл – мемлекет қолдауымен болып жатқан жетістік десек қателеспейміз. Сондай-ақ олар өздерінің барлық тіркеу жұмысы мен кәсіпкерлік бойынша жүргізетін есебін барынша цифрландырған. Мұны мемлекеттік порталдар және екінші деңгейлі банктердің клиентке ыңғайлы платформалары арқылы жүзеге асырып отыр. Осының бәрі сыбайлас жемқорлыққа деген тәуекелді де азайтуға үлкен мүмкіндік. Айталық, жақында жеке кәсіпкерлікке арналған тағы бір сервис пайда болды. Кәсіпкерлер жұмысын жеңілдететін қосымшада кәсіп деректері мен салық режимін оңай өзгертуге болады. Ал бұған дейін кәсіпкер бар құжатымен арнайы салық органына барып, болмаса өз деректерін ЭЦҚ көмегімен салық төлеушінің кабинетінде өзгертетін. Қазір бұл Kaspi.kz мобильді қосымшасында берілген «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде оңай атқарылып отыр. Сервис барлық жеке кәсіпкерге қолжетімді. Яғни, аталған қосымшада кәсіпкерлік атауын және мекенжайын, салық органын, басқа да қызметтің негізгі және қосымша түрін, салық режимін өзгертуге болады. Өзгерткен соң деректер базада 24 сағат ішінде автоматты түрде қайта жаңартылады. Айта кету керек, сервисті Kaspi.kz пен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп іске қосқан. Жоғарыда айтқандай, жұмыссыздыққа тосқауыл болатын осы саланың негізгі әлеуметтік міндеті бізге белгілі. Ол – елдегі еңбек нарығын дамыту болмақ. Деректерге сүйенсек, бүгінде жеке кәсіпкерлік бойынша 1,8 млн адам жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткіш жыл сайын шамамен 2-2,5%-ға артып келеді. Ал жалпы көрсеткішке үңілсек, шағын және орта кәсіпкерлікте экономикалық белсенді халықтың 44,7% жұмыс істейді. Оның 42,8% жеке кәсіпкерлік қарамағында қызмет атқарады. Демек, елдегі әрбір бесінші адам осы салада.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады 

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

2 млн теңгеге дейін жалақы: Елімізде кімдерге сұраныс жоғары? 

Қыркүйек айының басындағы жағдай бойынша Enbek.kz платформасында 105 907 өзекті бос жұмыс орны бар.

Жаңбыр, найзағай: 15 облыста дауылды ескерту жарияланды 

Сонымен қатар көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазақстанда вакциналарды сақтау температурасы онлайн бақыланады 

Жаңа жүйе тоңазытқыш жабдықтарындағы температура туралы мәліметтерді бірыңғай цифрлық платформаға автоматты түрде жібереді.

«Қыркүйек» пе, әлде «қыргүйек» пе? Оқу-ағарту министрі даулы сөзге қатысты пікір білдірді 

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкімет отырысынан кейінгі брифингте қоғамда талқыға түскен «қыркүйек» сөзінің жазылуына қатысты пікір білдірді.