Алматыда жылу беру маусымы қашан басталады?

Алматылықтар биылғы күзде суық ерте түскеніне шағымданып жатыр. Қала әкімдігі жылу беру маусымы қашан басталатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, бес күн бойына мегаполисте орташа тәуліктік температура плюс 8 градус Цельсий және одан төмен тұрақты болған кезде жылумен жабдықтауға кезең-кезеңімен қосылу басталады.

Сондай-ақ, ведомствода жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, Алматы қаласындағы нысандарды кезең-кезеңімен қосу уәкілетті органның қаулысы негізінде басталатынын айтты.

«Тұтынушылар жылумен жабдықтауға келесі ретпен қосылады:

  • балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
  • тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;
  • әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
  • басқа ғимараттар», — деп бөлісті мегаполис әкімдігі.

Жылыту маусымының нақты басталу күні әлі белгіленбеген, ол ауа райы жағдайларына және уәкілетті органның шешіміне байланысты болады.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...