Қазақстандағы мекемелерде шайпұл мен депозитке тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда мейрамханалардағы қызмет көрсетуге алатын пайыздарды алып тастау қарастырылып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Сенат кулуарында хабарлады.

«Қызмет көрсету шарты жазылған құжат бар. Ал менің жеке ұстанымым — қазіргі таңда сол ережені өзгертуді жоспарлап отырмыз. Біз егер сізге қызмет көрсетіліп жатса, ешқандай қосымша ақы алынбауы керек деп есептейміз. Әрине барлық кәсіп иесі мұндай өзгерісті қолдауға дайын деп айта алмаймыз. Бірақ осындай өзгерістер болуы мүмкін. Ол шайпұл, депозиттерге қатысты», — дейді министр кулуарда.

Министр мейрамханалардың алдын ала депозит сұрауы заңды екенін айтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...