12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктері 28 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 19-21 жылы.

Алматыда көшпелі бұлттылық, күннің соңында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің 3-8 метр, найзағай кезінде екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 27-29 жылы.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік бағыттағы желдің екпіні секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 18-23 жылы. Көкшетауда көшпелі бұлт, аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 5-10 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 19-21 жылы.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, батыста, оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында секундына 18-23 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың таулы аудандарында 5-10, күндіз 25-30, облыстың таулы аудандарында 15-20 жылы. Қонаевта көшпелі бұлт, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр.

Күндіз Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, облыс орталығында аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, орталықта, облыстың таулы аудандарында 5-10 жылы, күндіз 25-30, облыстың таулы аудандарында 22 жылы. Талдықорғанда көшпелі бұлт, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 5-10 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 28-30 жылы.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде, батыста, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метр, түнде солтүстікте, күндіз солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы аудандарында 12, күндіз 25-30, облыстың таулы аудандарында 22 жылы. Түркістанда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 27-29 жылы.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс, шығыстан соғады, екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 28-33 жылы. Оралда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс, шығыстан соғады, екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 жылы.

Атырау облысында жауын-шашынсыз. Жел шығыс, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 16-21, облыстың солтүстігінде 13, күндіз 28-33 жылу. Атырауда жауын-шашынсыз анық. Жел шығыс, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні секундына түнде 2-7, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 29-31 жылы.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-шығыс, шығыстан соғады, екпіні секундына 9-14 метр, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың солтүстік-шығысында 15, күндіз 31-36, облыстың солтүстік-батысында 28 жылы. Ақтауда жауын-шашынсыз анық. Жел солтүстік-шығыс, шығыстан соғады, екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 32-34 ыстық.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс, солтүстіктен соғады, екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың оңтүстігінде 16, күндіз 23-38 жылы. Ақтөбеде бұлт аз, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс, солтүстіктен соғады, екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 24-26 жылы.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы 8-13, күндіз 21-26 жылы. Қостанайда бұлт аз, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына түнде 3-8, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 жылы.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, күндіз 19-24 жылы. Петропавлда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына түнде 2-7, күндіз 5-10 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 22-24 жылы.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде аздап жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 18-23 жылы. Павлодарда көшпелі бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 19-21 жылы.

Түнде Қарағанды облысының батысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, облыстың оңтүстігінде 15, күндіз 17-22, облыстың оңтүстігінде 26 жылы. Қарағандыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 19-21 жылы.

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, түнде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, шығыста, оңтүстікте, облыстың орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың оңтүстігінде 17, күндіз 18-23, облыстың оңтүстігінде 26 жылы. Жезқазғанда көшпелі бұлт, түнде жаңбыр, кейде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 21-23 жылы.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел батыс, солтүстік-батыстан соғады, екпіні секуныдан 9-14 метр, күндіз батыста, облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 15, күндіз 22-27, облыстың солтүстігінде, шығысында 18 жылы. Өскеменде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел батыс, солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні секундына 1-6, күндіз 7-12 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 23-25 жылы.

Күндіз Абай облысының оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні секундына 9-14 метр, батыста, оңтүстікте, облыстың орталығында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, облыстың оңтүстігінде 15, күндіз 19-24, облыстың оңтүстігінде 29 жылы. Семейде бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде солтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 1-6 метр, күндіз секундына 7-12 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 22-24 жылы.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл болады. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні секундан түнде 9-14 метр, облыстың солтүстігінде 15-20, күндіз секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 24-29 жылы. Қызылордада көшпелі бұлт, таңертең және түстен кейін аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл болады. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 жылы.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың таулы аудандарында 8, күндіз 23-28, облыстың таулы аудандарында 18 жылы. Таразда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 23-25 жылы.

Трендтегі “Шайн мускат“ жүзіміне қатысты тексеріс нәтижесі белгілі болды

Ауыл шаруашылығы министрлігі желіде трендке айналған "Шайн мускат" жүзімінде ағзаға зиянды зиянкес табылмағанын мәлімдеді.

Қай облыстарда жаңа су қоймалары салынады?

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов "Жедел желі" бағдарламасы қай облыстарда жаңа су қоймалары салынатынын айтты.

21 қарашада ауа райы қандай болады?

Қазақстан бойынша 21 қарашаға арналған ауа райы болжамы белгілі болды.

Тоқаев пен Орбан бірлескен мәлімдеме жасады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің алдында бірлескен мәлімдеме жасады.

Ауылдық жерде жұмыс істейтіндерге қандай жеңілдік бар?

Қазақстанда ауылдық жерлерде жұмыс істейтіндерге белгілі бір жеңілдіктер беріледі.