Тоқаев Қазақстанның олимпиада жүлдегерлерін марапаттады

Президент Паралимпиада ойындарына қатысатын спортшыларымызға сәттілік тілеп, Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік наградамен марапаттады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың жеңісі ерекше атап өтілді.

«Жарыстың алғашқы күндерінде ол отандық дзюдо тарихындағы алғашқы алтын олимпиада медалін жеңіп алып, біздің атақты балуанымыз Жақсылық Үшкемпіровтің лайықты мұрагері болды. Елдос, Олимпиадаға барар алдында сіз маған және барлық спорт сүйер қауымға жеңіс жолында бар күш-жігеріңізді салатыныңызға уәде бердіңіз», — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Франциядан Олимпиада ойындарының медальдарымен оралған спортшылардың жетістіктерін атап өтті. Ал Қазақстан үшін тарихи күмісті жеңіп алған гимнаст Нариман Құрбановқа ерекше назар аударды.

«Нариман Құрбановтың күміс медалін тарихи жетістік деп те атауға болады. Алғаш рет отандық гимнастика өкілі олимпиадалық тұғырға көтерілді. Парижде Демеу Жадыраев пен Нұрбек Оралбай тамаша өнер көрсетті.

Біздің атқыштарымыз Александра Ле мен Ислам Сәтбаев пневматикалық мылтықтан оқ атуда қола жүлдеге ие болды. Бұл біздің еліміздің осы спорт түріндегі 28 жылдағы алғашқы марапаты. Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев пен бокстан құрама өкілі Назым Қызайбай жүлдегерлер қатарына енді», — деді Президент.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...

Магистратура мен докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Өтініш қабылдау 2026 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.