Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 22 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 9-14 метр, ал күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 22-24 жылы.

Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 29-31 жылы.

Шымкентте жауын-шашынсыз, аспан ашық болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 32-34 ыстық.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында найзағай күтіледі. 22 тамызда күндіз Павлодар облысының батысында найзағай күтіледі.

Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитінде қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерін көтерді 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті 

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанына назар аударды.

Бүгін жаңа оқу жылы басталды: Алғашқы қоңырау қалай өтеді? 

Бүгін еліміздің барлық мектебінде алғашқы қоңырау соғылады

Мектептерде оқушы көбейді: биыл қанша бала білім алады?

Жаңа оқу жылында ел мектептерінде 4,1 млн-нан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астамы – алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Алтын бағасы 19 тамыздан бергі ең төменгі деңгейге түсті 

Алтын бағасының өзгеруі халықаралық қаржы нарықтарындағы жағдайға, инвесторлардың сұранысына және АҚШ экономикасына қатысты күтулерге байланысты қалыптасады.