ДДҰ маймыл шешегінің қалай жұғатынын айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге маска ДДҰ халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялаған ауру — маймыл шешегінен құтқармайтынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Российская газетаға» сілтеме жасап.

Клюге вирус теріге тиген кезде, әсіресе жыныстық қатынас кезінде, бойында инфекция бар жануардан жұғуы мүмкін екенін еске салды. Вирус ауа тамшылары арқылы да таралуы мүмкін. Вирусты жұқтырған заттар, мысалы, сүлгілер немесе төсек-орын жабдықтары да қауіп төндіреді.

ДДҰ өкілі маймыл шешегі коронавирус сияқты қауіп төндірмейтінін және биліктің бұл аурудың таралуына қарсы әрекеттері бүкіл әлем үшін күш сынағы болатынын атап өтті.

Сонымен қатар, бүгінде Еуропа аймағында ай сайын Mpox вирусын жұқтырудың 100-ге жуық жаңа жағдайы тіркеліп отыр. Осыған қарамастан, Еурокомиссияның Денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздік комитеті Еуропалық одақта маймыл шешегінің таралу қаупінің алдын алу үшін шекара бақылауын енгізудің немесе бүкіл қоғамдастықта вирусқа қарсы вакцинацияны бастаудың қажеті жоқ деген қорытындыға келді.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, халықтың жалпы топтары үшін аурудың қаупі төмен. Сарапшылар қазіргі уақытта вирустың Еуропаға әсері аз деп санайды, бірақ маймыл шешегі туралы халықтың хабардарлығын арттыруды, тестілеуді және науқастардың байланысын бақылауды ұсынады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитінде қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерін көтерді 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті 

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанына назар аударды.

Бүгін жаңа оқу жылы басталды: Алғашқы қоңырау қалай өтеді? 

Бүгін еліміздің барлық мектебінде алғашқы қоңырау соғылады

Мектептерде оқушы көбейді: биыл қанша бала білім алады?

Жаңа оқу жылында ел мектептерінде 4,1 млн-нан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астамы – алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Алтын бағасы 19 тамыздан бергі ең төменгі деңгейге түсті 

Алтын бағасының өзгеруі халықаралық қаржы нарықтарындағы жағдайға, инвесторлардың сұранысына және АҚШ экономикасына қатысты күтулерге байланысты қалыптасады.