Биыл 1 қазаннан бастап қазақстандық пойыздарда жол жүру құнын 20 пайызға арттыру жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Бұған дейін Көлік министрлігінің баспасөз қызметі бұл өсім біршама бағытқа әсер ететінін хабарлаған болатын. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде 140 жолаушылар бағыты жүріп жатыр, оның 62-сінде тариф бағасы өседі.
«62 маршруттың деректері облысаралық қатынаста жүреді. Олар республикалық бюджеттен субсидияланады. Бұдан басқа, облыстық бюджет субсидиялайтын облысішілік қатынас та бар. Олар жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Tengri Travel редакциясы 1 қазаннан бастап билет бағасын көтеру жоспарланған бағыттардың тізімін жариялады.
- 75/76 Қызылорда — Петропавл
- 043/044 Қостанай — Алматы
- 327/328 Қостанай — Қарағанды
- 621/622 Қостанай — Арқалық
- 015/016 Алматы — Петропавл
- 117/118 Қызылорда — Павлодар
- 107/108 Жезқазған — Нұр-Сұлтан-1
- 057/058 Орал — Нұр-сұлтан — Нұрлы жол
- 55/56 Қызылорда — Көкшетау
- 122/121 Нұр-Сұлтан-1 — Семей
- 109/110 Маңғыстау — Ақтөбе
- 655/656/659/660 Арқалық — Нұр-Сұлтан
- 337/338 Алматы — Достық
- 6907/6906 Алматы — Қапшағай
- 610/609 Қарағанды — Жезқазған
- 6803/6804 Нұр-сұлтан — Нұрлы жол — Атбасар
- 6829/6830 Көкшетау — Нұр-Сұлтан — Ерментау
- 7507/7508 Нұр-Сұлтан — Нұрлы жол — Көкшетау / Володарское
- 7502/7501 Нұр-Сұлтан-1 — Павлодар
- 7556/7553 Нұр-Сұлтан-1 — Қарағанды
- 6857/6858 Қарағанды — Нұр-Сұлтан-1
- 6842/6841 Шалқар — Сексеуіл
- 459/460/942 Өскемен — Жалаңашкөл — Достық
- 001/002 Алматы — Шымкент (Ташкент)
- 003/004 Нұр-Сұлтан — Нұрлы жол — Алматы 2
- 010/009 Нұр-Сұлтан — Нұрлы жол — Алматы 2
- 011/012 Алматы — Шымкент
- 025/026 Алматы — Шымкент
- 27/28 Алматы — Орал
- 031/032 Алматы 2 — Павлодар
- 041/042 Алматы — Атырау
- 66/65 Нұр-Сұлтан — Жезқазған
- 67/68 Нұр-сұлтан — Нұрлы жол — Өскемен
- 074/073 Алматы — Жезқазған
- 81/82 Нұр-Сұлтан — Нұрлы жол — Қостанай
- 85/86 Нұр-Сұлтан — Шымкент
- 105/106 Алматы — Петропавл
- 211/212 Алматы — Достық
- 253/254 Нұр-Сұлтан — Нұрлы жол — Достық
- 007/008 Алматы — Озинки (Саратов)
- 013/014 Алматы — Достық (Үрімші)
- 083/084 Қарағанды — Петропавл (Самара)
- 113/114 Алматы — Петропавл (Қазан)
- 145/146 Қарағанды — Петропавл (Омбы)
- 301/302 Алматы — Шынтақ (Новосибирск)
- 625/626 Атырау — Ақсарай (Астрахань)
- 021/022 Қызылорда — Семей
- 024/023 Ақтөбе — Алматы
- 034/033 Ақтөбе — Алматы
- 037/038 Маңғыстау — Семей
- 045/046 Павлодар — Түркістан
- 047/048 Нұр-Сұлтан — Нұрлы жол — Атырау
- 053/054 Нұр-сұлтан — Нұрлы жол — Достық
- 77/78 Алматы — Маңғыстау
- 087/088 Алматы — Сарыағаш
- 139/140 Пресногорьковская — Павлодар
- 313/314 Атырау — Маңғыстау
- 351/352 Алматы — Өскемен
- 353/354 Нұр-Сұлтан — Павлодар — Семей
- 613/614 Орал — Маңғыстау
- 623/627/624/628 Нұр-Сұлтан — Қызыл-Ту — Петропавл
- 691/692 Ақтөбе — Атырау
Осылайша, жеке тасымалдаушыларда да, «Жолаушылар тасымалы» пойыздарында да билет бағасы көтеріледі.