12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қайрат Сатыбалдыұлы Қазақстанға не қайтарды: тізім

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке қайтарған мүліктің тізімі туралы мәліметті ұсынды.

Ведомствоның Tengrinews.kz-ке ресми жауабында Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істер «Қазақтелеком», «Көлік сервис орталығы» қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру, сондай-ақ, оның бақылауындағы компанияның кедендік бажды төлеуден жалтару деректері бойынша тергелгені айтылады.

«Тергеу барысында Қ.Сатыбалдыұлы кінәсін толық мойындады, залалды толық көлемде өтеді, сондай-ақ, қылмыстық құқықбұзушылықтарды тергеуге және қылмыстық жолмен алынған мүлікті ашуға ықпал етті.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін  Сатыбалдыұлы және оған қатысы бар тұлғалар мемлекетке заңсыз жолмен алынған 732,8 миллиард теңгеден аса соманың мүліктік активтері мен қаражатын немесе 1,6 миллиард долларды қайтарды», — деп жазылған Антикор мәліметінде.

Оның 661,5 миллион доллары шетелден табылды. Ведомство мәліметінше, олар Қазақстанға Австрия, Лихтенштейн, БАӘ, Түркия және басқа елдерден қайтарылды.

Антикор мәліметі бойынша қайтарылған активтерге әкімшілік ғимараттар, эксклюзив зергерлік бұйымдар, сәнді үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардың үлестері, теміржол және ақша кіреді.

Қайтарылған активтерге не кіреді (732,8 миллиард теңге)?

  • «Қазақтелеком» АҚ акцияларының 28,8 пайызы — 93,8 миллиард теңге.
  • «КСО» АҚ – 30,2 миллиард теңге.
  • 4 компаниядағы қатысу үлесі – 10,3 миллиард теңге.
  • Қазақстандағы мүліктік активтер – 158,5 миллиард теңге.
  • Эксклюзивті зергерлік бұйымдар – 105,39 миллиард теңге (230 миллион доллар)
  • Қазақстандық шоттардағы ақша – 36,8 миллиард теңге.
  • Австриядан келген ақша – 36,8 миллиард теңге (82,1 миллион доллар)
  • Лихтенштейннен түскен ақша – 116,7 миллиард теңге (260,5 миллион доллар) 
  • БАӘ-нен келген ақша – 6,3 миллиард теңге (14 миллион доллар);
  • Түркиядан келген ақша – 2,2 миллиард теңге (4,92 миллион доллар);
  • Бағалы қағаздарды сату – 135,8 миллиард теңге (300 миллион доллар).

«Мемлекеттік меншікке құны 158 миллиард теңгеден асатын 115 қазақстандық нысан берілді, оның ішінде 73-і жылжымайтын мүлік: 13 үй, 10 ғимарат, 13 жер учаскесі, 4 пәтер, 3 ғимарат, 2 медресе ғимараты, 2 тұрақ орны, 25 үй-жай, 1 аяқталмаған құрылыс нысаны), 37-сі жылжымалы мүлік  (29 көлік, 5 арнайы техника, 3 квадроцикл) және өзге де мүлік», — деп жазылған жауапта.

Мүліктің бір бөлігі оның жақын туыстарына, аффилиирленген тұлғаларға және бақылауындағы компанияларға ресімделген.

Астана мен Алматыдан мемлекетке берілген әкімшілік ғимараттардың жалпы ауданы 180 мың шаршы метрден асады.

Суреттер: Антикор

«Люкс нысандардың бірі — Сатыбалдыұлының бұрынғы резиденциясы Ақмола облысының Барап ауылында жалпы ауданы 1,5 мың шаршы метр аумақта орналасқан, ол Астана қаласының Білім басқармасына берілді», — деп жазылған агенттік жауабында.

Кредит нарығындағы өзгеріс: кімге қарыз берілмейді, кімге жеңілдік бар

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылғы тамызда халықтың барлық кредиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының (ЖТСМ) шекті мәндері азайтылған.

16 жасқа толмаған балаларға TikTok пен Instagram-ға тыйым салынды

Аустралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған алғашқы ел болды. Көптеген ғалым мұны жасөспірімдердің психикалық денсаулығына және әлеуметтік байланыстарына шектеудің әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін тәжірибе деп бағалап отыр.

Қазақстанда киімдер АҚШ пен Жапониядан қымбат екені рас па?

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та "Қазақстанда киім мен аяқ киім АҚШ-қа, Жапонияға және Канадаға қарағанда қымбат" деген ақпарат тарады.

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері уақытша жабылады

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері мерекеге байланысты  екі күнге жабылады.

Драйвер роста и комфорта

ШЫМКЕНТ АКТИВНО УКРЕПЛЯЕТ СВОИ ПОЗИЦИИ В ЭКОНОМИКЕ И ИНВЕСТИЦИОННОЙ СФЕРЕ, СОЗДАВАЯ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ И БИЗНЕСА. ГОРОДСКИЕ ВЛАСТИ ПОСЛЕДОВАТЕЛЬНО РЕАЛИЗУЮТ ПРОЕКТЫ, НАПРАВЛЕННЫЕ НА РОСТ ПРОМЫШЛЕННОГО ПРОИЗВОДСТВА, РАЗВИТИЕ ИНФРАСТРУКТУРЫ, УЛУЧШЕНИЕ СОЦИАЛЬНОЙ СРЕДЫ, ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ, ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СПОРТИВНОЙ СФЕРЫ.