Қазақстан халқының 60 пайызға жуығы қаржылай сауатсыз

Өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды анықтағыңыз келе ме? Қаржы маманы Әсел Жарасқалиқызы Massaget.kz тілшісіне адам өз деңгейін қалай анықтай алатынын айтып берді.

2023 жылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Халықтың қаржылық сауаттылығының негізгі көрсеткіштеріне зерттеу жүргізді. Қазақстан халқының 60 пайызға жуығы қаржылай сауатсыз. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, биыл халықтың 60 пайызға жуығы қаржылай сауатсыз. 

Әсел Жарасқалиқызы қаржылық сауаттылықты ақшаға қарым-қатынасты жүйелі түрде білім арқылы арттырып, оң нәтижеге қол жеткізу деп түсіндірді. Қаржылық сауаттылық әр адамның жас ерекшелігіне байланысты әртүрлі түсіндіріледі, яғни оның балаға, жасөспірімге, ересек адамға арналған түрлері бар. 

«Негізі қаржылық сауаттылықты отбасылық бюджеттен бастаған дұрыс. Адам қаржылай сауатты болуы үшін қаржылық қордың не екенін, отбасылық бюджет, кіріс пен шығысты түсініп алуы қажет», — деді ол.

Әсел Жарасқалиқызы ақшаны дұрыс басқара алатын адамдар қолданатын үш негізгі тәсілді тізді. 

Ай сайынғы бюджетті есептеу. Ай сайынғы шығыныңыз жалақыңыздан аз болғанын қаласаңыз, бюджетті есептеу керек. Кірістің тізімін жасаған дұрыс: жалақы, инвестиция, салық шегерімдері; сондай-ақ, тұрақты шығындар тізімі: жалдамалы дүниенің ақысы, коммуналдық және несиелік төлемдер; өзге де шығындар: тамақтану, сауда, саяхат және ойын-сауық; жинау керек қаражат.

Сарапшының айтуынша, қаржылай сауатты болу үшін ең алдымен кіріс пен шығысты айырып үйренген дұрыс.

«Қаржылық сауаттылықты жақсарту үшін адам ең алдымен кіріс пен шығыстан бастауы қажет. Кез келген азамат шығысын есептесе, «теңге тиыннан құралады» демекші, оның басы құралады. Көбінесе адамдар «тиынға санаспайықшы, ол онсыз да жетпейді» деп жатады, ақшаның жетпейтіні де осыдан. Ақша саналмағандықтан жетпейді. Біз неғұрлым оны санап бастасақ, соғұрлым табыс берекелі, нәтижелі болады. Ең маңыздысы, қанша ақша тапқаныңызда емес, табысты берекесімен дұрыс жұмсап, сақтап, оны көбейтудің амалдарын қарастыру», — деп түсіндірді қаржы маманы. 

Сонымен қатар, маман әрдайым жоспар құрудың маңыздылығына тоқталды. 

«Ақша мақсат құрылғаннан кейін ғана жиналады. Мақсатсыз жиналған ақша, берекесіз ақшаға тең. Бірінші, мақсат қойып, «Ол зат қанша тұрады? Маған қай уақытта қажет? Қай уақытта ала аламын?» деген нақты сұрақтарға жауап беріп, жұмыс істеу», — деді ол.

Қайда қанша жұмсайтыныңыздың ең қарапайым жолы — дәптерге бір айлық есеп-қисапты жазыңыз. Тұрақты және айналмалы шығынның бәрін тізіңіз. 3 айдан кейін шығынды талдап, неден бас тартуға болатынын шешіңіз. Бұл қиын шешім болғанымен, шығынды азайтуға көмектеседі. 

Бюджетті жоспарлағанда «50-30-20» ережесі таптырмас нұсқа. Яғни, кірістің 50 пайызы қажетті тұрақты шығындарға, 30 пайызы қосымша айнымалыға, 20 пайызы жинақ пен инвестицияға жұмсалуы керек.

«Қауіпсіздік қорын» қалыптастыру. Мұндай әдет кенеттен жұмыстан шығып қалу немесе көліктің бұзылуы секілді төтенше жағдайда құтқарады. Қордың ең аз мөлшері — 3-6 айдағы кіріс, оңтайлысы — 12 айдағы кіріс. Мысалы, айына 200 мың теңге жалақы алатын адамның «қауіпсіздік көпшігі» 600 мың теңгеден басталады, ал 12 айда бұл сома 2 миллион 400 мың теңгеге дейін көбейеді. Егер сіздің отбасыңыз, балаларыңыз бар болса, бұл қорды көбейту қажет. 

Болашаққа инвестиция. Егер сіздің маңызды дүние үшін алынған бір немесе екі несиеңіз бар болса, жаңа несие алмағаныңыз абзал. Сондай-ақ, несие төлеуге бөлінген қаражатты ойын-сауық пен киімге жұмсауға болмайды. Зейнетақы аударымдары мен сақтандыру туралы ойланып, жұмыс істеу үшін қажет техниканы ғана сатып алған жөн. Мысалы, егер сіз дизайнер болсаңыз, 3D модельдеудің күрделі бағдарламаларын қолдану арқылы табысты көбейтуге мүмкіндік беретін қуатты компьютер сатып алу — жақсы шешім.

Мен қаншалық қаржылай сауаттымын?

«Адамның қаржылық сауаттылығын бағалауға болады. Қаржылық сауаттылықтың үш деңгейі бар. Біріншісі, көрпеге қарай, көсіле отырып, ақшаңды реттеу. Яғни, кіріс пен шығысты теңестіру. Бүгінде өкінішке қарай, қаржылық сауаттылықтың төмендігі соншалық, халықтың табысынан шығысы көп. Шығысты азайтып, кірістен қалған ақшаны сақтау, көбейту және оны болашақтағы мақсат үшін жинау қажет», — дейді Әсел Жарасқалиқызы.

Сарапшы қаржылық сауатты адамның 5 белгісін тізді.

  • Ол әрдайым бәрін бақылауында ұстайды;
  • Ол адамның шығысы табысынан аз;

«Қаржылық сауатты адам банк пен микроқаржы ұйымдарынан несие алмайды. Ол тапқан ақшасымен өмір сүреді және жинақ жасайды. Әр жалақыдан кем дегенде 10 пайыз қалдырады және оларды ешқандай сылтаумен жұмсамайды. Бұл ақша қажеттіліктерге емес, болашақта активтерге инвестициялауға арналған», — деді ол.

  • Ол қаржы әлемінде бағдарланған;

«Яғни, ол

  • қаржы нарықтарындағы жағдайды бақылайды;
  • әртүрлі қаржылық өнімдер мен қызметтердің ерекшелігін түсінеді (несие, жинақ салымы, шағын несие, ипотека);
  • ақшасын жоғалтпау үшін қаржы ұйымдарын тексереді, зерттейді;
  • қаржы саласында өз құқықтары мен оларды қорғау тәсілдерін біледі және пайдаланады».
  • Оның жеке резервтік қоры бар;
  • Ол адам зейнетақы жинақтарын сауатты жинап жүр.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.