Грант конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау басталды

Грант конкурсына қатысуға өтініштер 13-24 шілде аралығында қабылданады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжаттар бұрынғыдай дәстүрлі форматта қабылданады, ЖОО негізінде қабылдау комиссиялары жұмысын бастады. Сонымен қатар жақын арада электронды форматта да қабылданады.

Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.

«Құжаттарды кез келген ЖОО арқылы тапсыруға болады. Мысалы, Алматыға оқуға түсуді жоспарлап отырған ақтаулық түлек грантқа өтініш беру үшін Алматыға келмей-ақ, құжаттарын еGov арқылы онлайн, және жергілікті ЖОО арқылы офлайн тапсыра алады», — деді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

Биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Барлық гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінді.

Құрылтай сайлауы күні Алматы тұрғындары қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады

Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері 23 тамызда, Құрылтай сайлауы өтетін күні, қаланың қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болатынын мәлімдеді.

2026 жылы жалғызбасты ана қалай баспаналы бола алады? 

Толық емес отбасы тұрғын үй кезегіне тұрып, жалдамалы баспана, жалдау ақысын субсидиялау, жеңілдетілген ипотека немесе тұрғын үй сертификаты сияқты қолдау тетіктерін пайдалана алады

Қазақстанға тұрақты тұруға келетіндер саны азайған 

Қазақстанға тұрақты тұру үшін келетін шетел азаматтарының басым бөлігі көршілес мемлекеттердің тұрғындары.

Қазақстанда «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы тағайындалады 

Жаңа марапаттар музыка және бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосқан азаматтарға беріледі.

Алдағы төрт жылда қай салаларда жалақы өседі? 

Ұлттық экономика министрлігі жалақыны арттыруға бағытталған шаралар бірқатар саланы қамтитынын хабарлады.