12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Су тасқыны: өтемақы алу үшін не істеу керек?

Наурыз айының соңында су тасқыны салдарынан Қазақстанның бірнеше облысын су басып, көптеген қазақстандық баспанасынан айырылды. Үкімет су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залал өтеледі деп сендірді. Заңгер Надежда Гельдт өтемақы алу үшін не істеу керегін айтты, — деп хабарлайды Tengri Life.

Заңгер «Азаматтық қорғау туралы» заңға сәйкес (58-бап) физикалық тұлғалар төмендегі себептерге байланысты залалды өтеуді талап етуге құқылы екенін айтты:

  • денсаулыққа зиян келтіру;
  • жақын туыстарының қайтыс болуы;
  • мүліктік зиян келу;
  • тұрғын үйдің тұруға жарамсыздығы.
  • Ал мына нәрселер өтелінбейді:
  • жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын уақытша құрылыстар, шаруашылық-тұрмыстық және өзге де құрылыстар, сондай-ақ заңсыз салынған объектілер;
  • бағалы киім, сәнді заттар немесе бағалы металдардан жасалған заттар;
  • көркемдік құндылығы бар заттар.
  • Өтінішті қалай беру керек?
  • Материалдық залал шеккен адам ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде әкімдікке материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.
  • Әкімдік өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады.
  • Кім өтініш бере алады?
  • Зардап шегуші мүліктің иесі. Егер жәбірленуші жеке өзі өтініш бере алмаса, туыстары немесе басқа адамдар сенімхатпен келе алады.
  • Өтінішпен қатар қандай құжаттар керек?
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • ТЖ туындаған сәттен бастап немесе ТЖ жою кезеңінде жоғалған, бүлінген мүліктің тізбесі.
  • Өтінішті қалай жазу керек?
  • Заң бойынша нақты үлгі қарастырылмаған. Қазақстандықтар оны еркін түрде жаза алады:
  • мүлік орналасқан мекенжайды;
  • су тасқыны болған күнді;
  • зардап шеккен тараптың деректерін;
  • сондай-ақ зардап шеккен мүліктің сипаттамасын көрсету керек.
  • «Әкімдік зардап шеккен азаматтардың тізімін, сондай-ақ залалдың алдын ала мөлшерін анықтайды. Сондай-ақ, бюджет мөлшерін анықтауға Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Төтенше жағдайлар Министрлігі қатысады. Қосымша қажеттілік туындаған жағдайда қаржыландыру Үкімет резервінен жүзеге асырылады», — деді маман.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» ескерткішіне құрмет гүлін қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды,

Елімізде қанша ҰОС ардагері бар?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар екені белгілі болды.

ҰОС ардагерлерінің құрметіне Алматыда қандай көшелер аталған?

Алматыда 110 көше Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімімен аталады. Оның ішінде 94 көше Кеңес Одағының Батырларының есімімен аталған.

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті

Астанадағы "Қазақ елі" монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады.