Алматы тұрғыны 11 жыл бойы алған зейнетақысын мемлекетке қайтаруы керек

Алматы тұрғыны 11 жыл бойы алған зейнетақысын мемлекетке қайтаруы керек — бұл 12 миллион теңгеден астам. Мұндай шешім жуырда қаланың Түрксіб аудандық сотында шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот шешімінен 2010 жылғы 1 тамызда Алматының тұрғынына зейнет жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған.

Сол жылдың 10 ақпанында әйел Шешенстан Республикасының Ахматов ауданында зейнетақы ала бастағаны анықталды. Осылайша ол екі елде қатар зейнетақы алған, бұл — Қазақстан заңнамасын бұзу.

Сот отырысында зейнеткер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзіне қойған талабын мойындады. Сот шешімі бойынша ол енді бюджетке 12 318 134 теңге — 2010 жылғы тамыздан 2021 жылғы қыркүйекке дейін заңсыз алған зейнетақысының сомасын төлеуі керек. Сондай-ақ, бұл сомаға 123 182 теңге мемлекеттік баж салығы қосылды.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.