Қай өңірінде тұрғындар көп темекі шегетіні айтылды

Денсаулық сақтау министрлігі темекі шегетін қазақстандықтар туралы мәлімет берді. Еліміздің қай өңірінде темекі шегетін адам көп екені белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен 4 жылда бір рет халықтың темекі өнімдерін тұтыну деңгейін анықтау бойынша зерттеу жүргізетінін айтты. Ол «темекіні тұтыну туралы Жаһандық ересек сауалнама» (GATS) деп аталады.

«Кейінгі зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қазақстанда ересектердің 20,4 пайызы — 2,7 миллион адам темекі шегеді: темекі, темекі түтіктері, сигаралар, сигарилер, темекі қосылған кальян және электрон темекі мен жылыту темекісін қоспағанда, басқа да шегетін темекі өнімдері. Оның ішінде 36,5 пайызы ерлер (2 миллион 287 мың адам) және 6 пайызы (422 мың адам) әйелдер», — деп атап өтті ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылдан бастап Қазақстанда әр төрт жыл сайын 11-15 жастағы балалар арасында «мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы» (HBSC) атты зерттеу жүргізілетінін хабарлады.

Кейінгі жүргізілген зерттеуге сәйкес, Қазақстанда балалардың 9,8 пайызы электрон темекіні (вейптерді) үнемі шегеді, оның ішінде ұлдардың 11,3 пайызы және 11-15 жас аралығындағы жасөспірім қыздардың 8,2 пайызы.

2014 жылдан 2022 жылға дейін ұлдар арасында электрон темекіні тұтынушылар саны бес есе, қыздар арасында жеті есе өсті.

«Зерттеу деректері бойынша, Қазақстан өңірлері арасында ересектер арасында темекі шегудің ең жоғары көрсеткіші Қостанай облысында — 30,6 пайыз. Түркістан облысында темекі шегудің ең аз мөлшері — 10,2 пайыз», — деп қорытындылады ведомство өкілдері.

Трудовые гарантии

В КАЗАХСТАНЕ СОХРАНЯЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА НА РЫНКЕ ТРУДА. УВЕЛИЧЕНИЕ ЧИСЛА ОФИЦИАЛЬНО ТРУДОУСТРОЕННЫХ РАБОТНИКОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ ОБ УКРЕПЛЕНИИ ФОРМАЛЬНОГО СЕКТОРА ЭКОНОМИКИ.

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуына байланысты Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді.

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады 

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды 

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды 

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.