Қанша қазақстандық қоғамнан оқшауланған?

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) Қазақстандағы түрмелерде қанша адам жазасын өтеп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚАЖК мәліметі бойынша, Қазақстанда 63 түзеу мекемесі мен 17 тергеу изоляторы бар.

«Қазіргі уақытта онда 29 мыңға жуық ер, 2 мың әйел және 52 кәмелетке толмағандар жазасын өтеп жатыр», — деп хабарлады ведомство Tengrinews сауалына берген жауабында.

Көп жағдайда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, ұрлық, есірткі заттарының заңсыз айналымы, сондай-ақ алаяқтық сияқты қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқандар отыр.

Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды 28 мыңға жуық ер адам, 3,5 мың әйел және 143 кәмелетке толмағандар өтеп жатыр.

Алматы облысындағы №10 әйелдер мекемесінде әйелдер мен олардың балаларының бірге тұруына арналған балалар үйі ұйымдастырылды. Онда 44 бала бар.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.