«Мені Антикор алып кетсе ше?» — алматылық Досаевқа тосын сый жасады

Ерболат Досаевқа Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде сыйлық берілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылық Досаевқа қаладағы бірқатар шешімін тапқан мәселелер үшін алғыс айтты.

«Біріншіден, электр есептегіштері 141-ден 115 мыңға дейін төмендегені үшін, үш фазалы есептегіш, бір фазалы есептегіш үшін алғысымды білдіремін. Қыркүйекте ғана 90 миллион теңгеден аса қаржы үнемделген. Автобус жолағын жасадыңыз, мен сізге жүгінген едім, ол үшін де рақмет. Ақжар және Шұғыла ықшамаудандарында көшелер ұзарды, тұрғындардан ерекше алғыс. Сондай-ақ, бұл аумақта орталықтандырылған су құбыры мен канализация болады. Әр мәселеге қызығушылық таныттыңыз», – деді алматылық.

Тұрғын Ерболат Досаевтың суреті мен оның шешкен мәселелерінің иллюстрациясын естелік сыйлық ретінде табыстады. Әкім сыйлықты әзілмен қабылдап, ер адамға алғысын білдірді.

«Сыйлық? Маған ба? Мені Антикор алып кетсе ше? Сыйлыққа рақмет, әйеліме сыйлаймын», — деп күлді Досаев.

Трудовые гарантии

В КАЗАХСТАНЕ СОХРАНЯЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА НА РЫНКЕ ТРУДА. УВЕЛИЧЕНИЕ ЧИСЛА ОФИЦИАЛЬНО ТРУДОУСТРОЕННЫХ РАБОТНИКОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ ОБ УКРЕПЛЕНИИ ФОРМАЛЬНОГО СЕКТОРА ЭКОНОМИКИ.

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуына байланысты Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді.

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады 

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды 

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды 

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.