Қатар әмірі Қасым-Жомарт Тоқаевпен түскен суретін жариялады

Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни әлеуметтік желіде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен түскен суретін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына және Қатар мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі пікірталасқа ризамыз. Біз екі достас ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту тетіктері туралы келістік және неғұрлым жемісті ынтымақтастыққа, ортақ ұмтылыстар мен қалаған амбицияларға сәйкес орнықты әріптестік орнатуға үміттенеміз», — деп жазды Катар әмірі.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Қатарда мемлекеттік сапармен жүр. 14 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы өзінің осы елге жасаған алғашқы мемлекеттік сапарының ерекше маңыздылығын атап өтті.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...