Қазақстанда бензин мен дизельдің жаңа шекті бағасы белгіленбек

Қазақстан бензин мен дизельдің жаңа бағасын белгілеуді жоспарлап отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ашық НҚА» порталында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің бұйрық жобасы жарияланды. Ол 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Бұйырық жобасында, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылған:

  • Аи-80 маркалы бензин – 1 литріне 89 теңге;
  • Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литріне 205 теңге;
  • дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литріне 295 теңге.

«Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазір жазғы дизель отынының шекті бағасы шетелдіктер үшін 450 теңге, қазақстандықтар үшін 295 теңге.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...