Министр Такиевтің депутаттық өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды

Жақында қаржы министрі болып тағайындалған Мәди Такиев Мәжіліс депутаты қызметінен мерзімінен бұрын кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысына Мәди Такиев әріптестерімен қоштасуға келді.

Депутаттар оның Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатуына дауыс берді.

Еске салайық, Мәди Такиев бұрынғы үкімет отставкаға кеткеннен кейін биылғы 6 ақпанында Ерұлан Жамаубаевтың орнына қаржы министрі болып тағайындалған болатын.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...