Мемлекет басшысы Анар Жайылғанованың отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Жайылғанованың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Анар Нұралықызы Жайылғанованың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Анар Нұралықызы еселі еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне бар күш-жігерін жұмсады. Көптеген игі іске атсалысып, өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Нағыз мемлекеттік қызметшіге тән қалпымен абыройлы қызмет атқарған Анар Нұралықызының есімі мен бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Жайылғанова 55 жасында қайтыс болды.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...