СОТТА АДВОКАТ пен ПРОКУРОРДЫҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ ҚАЖЕТ

Сенат депутаттары «Қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуде тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы қағидаттарын іске асыру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелге қатысты. Жиын барысында сот жүйесін реформалау және жақсарту мәселелері талқыланды.

Комитет төрағасы Нұрлан Бекназаров өз сөзінде тәуелсіз, ашық және тиімді сот жүйесі болмайынша Әділетті Қазақстанды қалыптастыру мүмкін еместігін атап өтті. «Мемлекет басшысы әділетті әрі тура сот төрелігі құқықтық мемлекеттің маңызды өлшемшарты екенін атап өткен болатын. Сот тартысты өтуі керек, ал судья айыптау аясынан тыс болуы тиіс. Ол үшін адвокат пен прокурордың тепе-теңдігі қамтамасыз етілуі қажет. Осылайша, сот ісін жүргізудегі маңызды әділетті талаптың бірі – тараптардың толық құқықтық теңдігі мен бәсекелестік қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Жарыспалылық – бұл қорғау құқығының ажырамас бөлігі, оны жүзеге асыруға және шындықты ашуға кепілдік беретін шынайы демократиялық қағидат», – деді Нұрлан Бекназаров. Сенатор Айнұр Арғынбекова палатаның алдында сот жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.

«Біздің еліміз адам құқықтары мен оның заңды мүддесінің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Ол үшін азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізуін барынша қамтамасыз ету жолымен тараптардың тартысты және тең құқықтылық қағидатын дамыту, сондай-ақ айыптаушы көзқарастан арылу қажет», – деді депутат.

Жиын барысында Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Парламентаризм институтының, Республикалық Адвокаттар алқасының және басқа да ұйымдардың өкілдері де баяндама жасады. Сенатор Нұрлан Бекназаров депутаттардың сот жүйесін жетілдіру жөнінде айтқан ұсыныстары пысықталып, алдағы жұмыста ескерілетінін атап өтті.

А.ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Поддержка под вопросом

В МАЖИЛИСЕ ПАРЛАМЕНТА ОЗВУЧИЛИ СРАЗУ ДВА ЧУВСТВИТЕЛЬНЫХ ВОПРОСА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – ФИНАНСИРОВАНИЕ УСЛУГ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И ОТСУТСТВИЕ ПОДДЕРЖКИ ОПЕКУНОВ НЕДЕЕСПОСОБНЫХ ГРАЖДАН. НАРАСТАЮЩЕЕ НАПРЯЖЕНИЕ В СИСТЕМЕ ОТМЕТИЛИ ПАРЛАМЕНТАРИИ В ДЕПУТАТСКИХ ЗАПРОСАХ НА ИМЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА СТРАНЫ.