Қазақстанда киіктерді ату тоқтатылды

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда киіктерді ату тоқтатылғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Отандық ғалымдар және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталас жүргізгеннен кейін киіктерді ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қыс мезгілі — далада жүру қиындай түсті. Сондықтан 10 ақпаннан бастап ақбөкендердің санын реттеу процесін тоқтаттық. Былтырғы төлдеуді есепке ала отырып, биыл мамырда мұқият егжей-тегжейлі есепке алу жүргізілді», — деді Нысанбаев Мәжіліс кулуарында.

Министр киік саны тағы 40 пайызға артады деп болжап отыр.

Шенеунік 10 ақпаннан кейін киіктерді ату заңсыз деп есептелетінін айтты. Олардың популяциясын реттеу бойынша жұмыс келесі жылы жүргізіледі.

Трудовые гарантии

В КАЗАХСТАНЕ СОХРАНЯЕТСЯ ПОЛОЖИТЕЛЬНАЯ ДИНАМИКА НА РЫНКЕ ТРУДА. УВЕЛИЧЕНИЕ ЧИСЛА ОФИЦИАЛЬНО ТРУДОУСТРОЕННЫХ РАБОТНИКОВ СВИДЕТЕЛЬСТВУЕТ ОБ УКРЕПЛЕНИИ ФОРМАЛЬНОГО СЕКТОРА ЭКОНОМИКИ.

Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуына байланысты Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді.

Елімізде алимент енді арнайы шотқа аударылады 

Бұл өзгеріс алимент қаражатын қорғауға және оның тек бала мен еңбекке қабілетсіз адамдардың қажеттіліктеріне жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды 

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.

Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды 

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады.