Еліміздің 9 өңірінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Қазақстанның 9 өңірінде республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.

«11 ақпанда сағат 7:00-дегі ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді», — делінген хабарламада.

Ақтөбе облысында – 3 учаске

  • «Самара-Шымкент» 773-855 шақырым, Бекқұл Баба — Хромтау – 82 шақырым;
  • «Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай» 0-83 шақырым, Қарабұтақ-Комсомол;
  • «Самара-Шымкент» 842-1240 шақырым, Хромтау-Қызылорда облысы шекарасы.

Алматы облысы — 1 учаске

  • «Алматы-Ташкент-Термез» 59-143 шақырым, Жаңақұрылыс-Жамбыл облысының шекарасы.

Атырау облысы — 1 учаске

  • «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 616-847 шақырым, Атырау-Құрманғазы.

Шығыс Қазақстан облысында — 1 учаске

  • Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары, 6-166 шақырым, Ушановское-Алтай.

Жамбыл облысы — 1 учаске

  • «Алматы-Ташкент-Термез» 143-593 шақырым, Алматы облысы шекарасы-Түркістан облысы шекарасы.

Қостанай облысы — 1 учаске

  • «Жезқазған-Петропавл», 252-335 шақырым, Ұлытау облысы — Арқалық

Қызылорда облысы — 1 учаске

  • ⁠»Самара-Шымкент» 1240-2055 шақырым, Ақтөбе облысы шекарасы-Түркістан облысы шекарасы.

Түркістан облысы — 2 учаске

  • «Самара-Шымкент» 2055-2257 шақырым, Қызылорда облысы шекарасы-Шымкент;
  •  «Алматы-Ташкент-Термез» 593-674 шақырым, Жамбыл облысы шекарасы-Шымкент.

Ұлытау облысы — 2 учаске

  • «Жезқазған-Петропавл» 137-252 шақырым,
  • Ұлытау-Қостанай облысының шекарасы.

«Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 191 техника және 268 жолшы жұмылдырылған», — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасап, ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты алыс жолдарға шықпауға кеңес бергені хабарланған болатын.

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.