Кімдерге Қазақстанға кіруге тыйым салынған?

Шетелдіктерден кімдерге Қазақстанға кіруге тыйым салынған? Сыртқы істер министрлігі (СІМ) персона нон грата тізімі туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz ресми сауалына Сыртқы істер министрлігі мұндай тізімнің бар екенін растады. Алайда оның құрамына кімдер кіретіні хабарланған жоқ.

«Әлемдік тәжірибеге сәйкес, әрбір мемлекет өз аумағына кіруге тыйым салынған персона нон грата немесе шетелдік азаматтар тізімін жүргізеді. Қазақстан тарапы да бұл тәжірибені қолданады. Дегенмен, мұндай тізімдер жабық жүргізіледі және жарияланбайтыны хабарлаймыз», — делінген ведомство жауабында.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін арандатушылық сипаттағы мәлімдемелер мен елімізге қатысты теріс мәлімдемелердің назардан тыс қалмайтынын қосты. Мұның бір дәлелі ресейлік журналист Тина Канделакидің мәлімдемелеріне реакция.

Еске салайық, Канделаки Telegram-арнасында Қазақстанда орыс тілі шеттетіліп жатқанын хабарлады. Бұлай ойлауына бірнеше теміржол вокзалы атауын өзгерту себеп болған. Канделаки мұны «күмәнді шешім» деп атады.

Бұған қатысты журналистер сауалына сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстанға қарсы пікір айтқандарға керек кезде мемлекет шара қабылдайды.

«Оны бүгін немесе ертең кіргізесіздер деп талап етпеңіздер. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол (Тина Канделаки — автор) Қазақстанға келе қоймас, ал келсе кірмейді», — деді Айбек Смадияров.

Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ел азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Астана мен Алматыда Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша теңгеден алды?

2026 жылы Астана және Алматы әкімдіктері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 9 мамырға орай берілетін төлемдер бөлді.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Ұлттық банк қарыз беру жүйесіне жаңа макроэкономикалық құрал – қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін енгізуді жоспарлап отыр.