Талдықорғанда Назарбаев ескерткішінің тұғыры алып тасталды

Талдықорған әкімдігі Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші орнатылған тұғырдың алып тасталу себебін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұңғыш президент ескерткішінің тұғыры алып тасталғаны туралы ақпарат бұған дейін әлеуметтік желілерде пайда болды. Барлық жұмыстар түнде жүргізілген, сондықтан қала тұрғындары бұл процесті көрмеді.

Талдықорған әкімдігі тұғырдың алып тасталу себебін айтып, оның қаланың сәулетіне сай келмейтінін айтты.

«Талдықорған орталық алаңындағы ескерткіш тұғырының бұзылуына байланысты ескерткіштің төменгі бөлігінің қалдықтары қалалық кеңістіктің сәулетін бұзғандықтан бөлшектелгенін хабарлаймыз. Бүгінде ол жерде қандай да бір мәдени нысанды қалпына келтіру немесе салу жоспарланбаған», — деді Талдықорған әкімінің орынбасары Бауыржан Әбибеков.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің өзі 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде бұзылған болатын. Ескерткіштен тек жазуы бар тұғыры ғана қалған болатын.

Қазақстан Үкіметі биыл отставкаға кетеді 

Қазақстан Үкіметі жаңа сайланған Құрылтай алдында өкілеттігін тоқтатады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім болды.

Құрылтай жұмысын 1 шілдеден бастауы мүмкін 

Парламент платаларының бірлескен отырысында депутат Айдос Сарым «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын таныстырды.

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокат пен кикшеринг қызметіне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.

Қазақстан армиясы қалай өзгеріп жатыр және алда қандай реформалар күтіп тұр? 

Қазақстан армиясында соңғы жылдары көзге бірден байқала бермейтін, бірақ ауқымды өзгерістер жүріп жатыр.

Қауіпті вирус тараған круиз лайнерінің жолаушылары әлем бойынша іздестіріліп жатыр 

Хантавирус тараған MV Hondius лайнерінде үш адам қайтыс болып, бірнеше жолаушыдан қауіпті инфекция анықталды.