Қазақстандық балаларға шамамен 700 миллион доллар аударылған

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы бойынша өңірлердегі балалар саны мен оларға есептелген қаражат туралы статистика жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ мәліметіне сілтеме жасап.

БЖЗҚ мәліметі бойынша, 695,5 миллион АҚШ доллары 6 919 131 балаға (қоса алғанда 01.01.2006 жылдан бастап 31.12.2023 жылға дейін туған балаларға) есептелген. Оның 30,6 миллион АҚШ долларынан астамы бағдарламаның 18 жасқа 2024 жылы толатын 304 815 қатысушысының (қоса алғанда 01.01.2006 жылы бастап 31.12.2006 жылы туған балалар) нысаналы жинақтау шоттарына есептелген.

enpf.kz

«Жоғарыда келтірілген статистикалық деректерден нысаналы талаптарға қатысушы балалардың ең көп саны (922 841 балаға 92 763 977,32 АҚШ доллары есептелген) Түркістан облысында тұратынын көруге болады. Оның ішінде 18 жасқа биыл олатын 41 968 нысаналы жинақ алушылардың нысаналы жинақтау шоттарына 4 218 623,36 АҚШ доллары есептелген», — делінген хабарламада.

Балалар саны бойынша екінші орында — Алматы қаласы (666 443 балаға 66 990 850,36 АҚШ доллары есептелген), оның ішінде 18 жасқа биыл толатын 26 621 нысаналы жинақ алушының нысаналы жинақтау шоттарына 2 675 942,92 АҚШ доллары есептелген.

Үшінші орында — Алматы облысы (608 711 балаға 61 187 629,72 АҚШ доллары есептелген). Оның ішінде 18 жасқа биыл толатын 26 802 нысаналы жинақ алушылардың нысаналы жинақтау шоттарына 2 694 137,04 АҚШ доллары есептелді.

Қазақстан Үкіметі биыл отставкаға кетеді 

Қазақстан Үкіметі жаңа сайланған Құрылтай алдында өкілеттігін тоқтатады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім болды.

Құрылтай жұмысын 1 шілдеден бастауы мүмкін 

Парламент платаларының бірлескен отырысында депутат Айдос Сарым «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын таныстырды.

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокат пен кикшеринг қызметіне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.

Қазақстан армиясы қалай өзгеріп жатыр және алда қандай реформалар күтіп тұр? 

Қазақстан армиясында соңғы жылдары көзге бірден байқала бермейтін, бірақ ауқымды өзгерістер жүріп жатыр.

Қауіпті вирус тараған круиз лайнерінің жолаушылары әлем бойынша іздестіріліп жатыр 

Хантавирус тараған MV Hondius лайнерінде үш адам қайтыс болып, бірнеше жолаушыдан қауіпті инфекция анықталды.