Алматыдағы жер сілкінісі: миллиард теңгенің ескерту жүйесі әлі де сынақтан өтіп жатыр

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті ерте хабарлау жүйесі мен Darmen қосымшасы сынақ режимінде екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ТЖД мәліметінше, 2020 жылдан бастап 28 станцияның құрылысы мен күшті жер сілкінісі туралы халықты алдын ала хабарлаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша кезең кезеңімен жұмыстар жүргізілген.

«Оларды іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылды: 2022 жылы 11 станция және 2023 жылы 17 станция орнату. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, толық игерілді: құрылыстың бірінші кезеңі — 547,9 миллион теңге, құрылыстың екінші кезеңі — 597,5 миллион теңге. Қазіргі уақытта шетелдік тәжірибе бойынша жүйе апробация кезеңінен өтіп жатыр және тест режимінде», — деп хабарлады ТЖД.

Құтқарушылар 23 қаңтарда Алматыда болған жер сілкінісі кезінде SMS хабарламалар жіберілгенін алға тартты. Алайда хабарлама жазылушыларға тәуліктің әртүрлі уақытында жеткен.

«Ұялы байланыс операторларының шектеулеріне байланысты абоненттік базаға үлкен көлемдегі SMS жіберу бірнеше блоктарға бөлінеді және бір сағаттан аса уақытты алады», — деп хабарлады ведомство.

Darmen қосымшасына қатысты, Төтенше жағдайлар департаменті ол да, жойықын жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлау жүйесі сияқты сынақ режимінде екенін хабарлады.

«Қазіргі уақытта Darmen мобильді қосымшасы мен жойқын жер сілкіністерін алдын ала хабарлау жүйесі сынақтан өтіп жатыр және сынақ режимінде».

Құрылтай жұмысын 1 шілдеден бастауы мүмкін 

Парламент платаларының бірлескен отырысында депутат Айдос Сарым «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын таныстырды.

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокат пен кикшеринг қызметіне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.

Қазақстан армиясы қалай өзгеріп жатыр және алда қандай реформалар күтіп тұр? 

Қазақстан армиясында соңғы жылдары көзге бірден байқала бермейтін, бірақ ауқымды өзгерістер жүріп жатыр.

Қауіпті вирус тараған круиз лайнерінің жолаушылары әлем бойынша іздестіріліп жатыр 

Хантавирус тараған MV Hondius лайнерінде үш адам қайтыс болып, бірнеше жолаушыдан қауіпті инфекция анықталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  ел азаматтарын Отан қорғаушы күнімен құттықтады.