Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесі төрағасын қабылдады

Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Жоғары сот кеңесінің 2023 жылы атқарған қызметінің қорытындысы, еліміздегі судьялар корпусының қазіргі жай-күйі және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндалды.

Денис Шипптің айтуынша, Кеңес былтыр Мемлекет басшысы жүктеген бірқатар міндетті жүзеге асырған. Атап айтқанда, Жоғары сот кеңесін институционалдық тұрғыда күшейту және судья болуға үміткерлерді дайындау, біліктілігін көтеру, олардың шекті жасын ұзарту, өкілеттіктерін уақытша тоқтату немесе мүлде тоқтату мәселелерін аталған органның құзыретіне беру жұмыстары атқарылған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Кеңестің судьяларды іріктеу тәртібін жетілдіру, ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ету жұмыстары туралы мәлімет берілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жаңадан тағайындалған судьялардың қатарын көбейту үрдісі сақталып отыр. Былтыр судья лауазымына алғаш рет ұсынылған азаматтардың саны сот жүйесінен кеткендерге қарағанда 32 адамға артық болды. Гендерлік тұрғыдан әйел судьялардың саны ер адамдармен салыстырғанда 172 адамға көп. Судьялардың орташа жас мөлшері – 46 жас, ал еңбек өтілі – 13 жыл.

Іріктеу барысында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету үшін конкурс рәсімдерін онлайн-трансляция жасау және оның қорытындысы туралы егжей-тегжейлі түсініктеме беру тәжірибесі алғаш рет енгізілді. Сонымен қатар өткен жылы Парламент Сенатының қарауына енгізу үшін Мемлекет басшысына Жоғарғы Сот судьяларының лауазымына үміткерлер тізімі бірінші рет балама негізде ұсынылды.

Бұдан бөлек, аудандық сот төрағаларын сайлау тәртібіне жаңа элементтердің енгізілуіне байланысты Президентке судья лауазымы үшін кадрлық резерв жасақтау институтының рөлі күшейтілгені жөнінде ақпарат берілді.

Қазіргі таңда шешім шығару барысында судьялардың заңды өрескел бұзғаны үшін күші жойылған әрбір сот актісін Сот жюриінің тексеру механизмін заң жүзінде енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев судьялардың тәуелсіздігін күшейтуге және оларды сапалы түрде іріктеуге бағытталған реформаларды тиімді жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Қазақстан Үкіметі биыл отставкаға кетеді 

Қазақстан Үкіметі жаңа сайланған Құрылтай алдында өкілеттігін тоқтатады. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім болды.

Құрылтай жұмысын 1 шілдеден бастауы мүмкін 

Парламент платаларының бірлескен отырысында депутат Айдос Сарым «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын таныстырды.

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокат пен кикшеринг қызметіне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.

Қазақстан армиясы қалай өзгеріп жатыр және алда қандай реформалар күтіп тұр? 

Қазақстан армиясында соңғы жылдары көзге бірден байқала бермейтін, бірақ ауқымды өзгерістер жүріп жатыр.

Қауіпті вирус тараған круиз лайнерінің жолаушылары әлем бойынша іздестіріліп жатыр 

Хантавирус тараған MV Hondius лайнерінде үш адам қайтыс болып, бірнеше жолаушыдан қауіпті инфекция анықталды.