ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАНКРОТТЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ДАУ ШЫҚТЫ

Жалпы жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты мәселенің қоғамда талқыланып келе жатқанына бүгінде 10 жылдан асты. Бастапқыда 2014 жылғы 7 наурызда қабылданған «Оңалту және банкроттық туралы» заңға үміт артылған болатын. Алайда бұл сенім ақталған жоқ. Оған әр жылдары енгізілген өзгерістер мен толықтырулар да заман талабына толық үйлесе қойған жоқ.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауында: « … халықтың, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтардың тым көп несие алуы шұғыл шаралар қабылдауға алып келді. Бұл мәселе әлеуметтік және саяси түйткілдерге ұласты» деген еді. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында: «Тұтынушыларға тоқтаусыз, тіпті жауапсыз несие беруге нормативтік тұрғыдан тосқауыл қою керек» деді. Ал 2022 жылдың аяғында «Бүгінде проблемалық несиелер көлемі жарты трлн теңгеге жетті. Миллионнан астам адам несие бойынша өз борышын өтей алмай отыр. Олар шарасыздықтан бұрынғы несиесін жабу үшін жаңасын алуға мәжбүр болып отыр. Сол себепті 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Оңалту және жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң іске қосылуы тиіс», – деді.

Қазақстан азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілеген заңға қатысты әлі де түйткілді мәселе әлі толық шешілген жоқ. 2023 жылдың наурыз айында басталған жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттыққа өтініштерін қабылдау рәсіміне 2024 жылға дейін қазақстандықтардан 77 мыңға жуық өтініш түскенімен, оның 62 мыңы қабылданбады. Бірінші кредиттік бюроның Талдау орталығының мәліметі бойынша, банкрот мәртебесін 8,3 мыңға жуық адам ғана алды. Берешектің сомасы шамамен 962 мың теңгені, орташа сомасы шамамен 1,6 млн теңгені құрады. Бір қызығы, ең төменгі сома – небәрі 2978 теңге.

Осыған орай ақпараттық кеңістікте «3000 теңге қарызы бар қазақстандық банкрот деп жариялады» деген тақырыптағы мәліметке қатысты Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті өзінің ресми түсіндірмесін ұсынды. Өтініш берген кезде азамат «Дебиторлармен жұмыс жөніндегі Коллекторлық агенттігі» ЖШС-і бойынша 1 738,7 мың теңге мөлшерінде қарыз сомасын көрсеткен. «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-ның деректеріне сәйкес қарыздың нақты сомасы 2 кредитордың алдында «СФК» union trust ЖШС, «Еуразиялық банк» АҚ – 1 473,3 мың теңгені құрайды. Осы мәлімет egov.kz электрондық үкімет порталында орналастырылған. Барлық кредиторлар «Мемлекеттік кредит бюросы» АҚна өздерінің қарыз алушылары бойынша берешек сомалары мен мерзімдері туралы мәліметті ұсынуға міндетті. Азаматтар берешектері туралы мәліметтерді өздігімен кредиттік бюроның mkb. kz сайтында қарай алады. Яғни, бірінші кредиттік бюроның Талдау орталығы мен Мемлекеттік кірістер комитеті арасындағы пікір қайшылығы жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты мәселенің шешілмегенін көрсетті. Өйткені банкроттыққа өтініш берушінің аздығы нарықтағы ахуал әлі жан-жақты зерттеуді қажет ететінін және оңалту шараларына әлі де көңіл аудару қажеттігін дәлелдеп отыр. Бірінші кредиттік бюроның Талдау орталығы ұсынған мәліметтерге қарағанда, былтыр кепілсіз тұтынушылық қарыздар қоржыны 9,5 трлн теңгені құрады. 2024 жылғы 1 қаңтарға қарай ол 28,9 пайызға (2,1 трлн теңге) ұлғайды. Алайда, мұндай несиелері бар қарыз алушылар біртектес қауымдастық емес екенін түсіну маңызды. Барлық қарыз алушылардың жартысын шартты түрде шағын деп атауға болады. Бұл 3,9 миллион адам. Олардың әрқайсысының қалған берешек сомасы 584 мың теңгеден аспайды. Барлығы бірге қоржынның 10 пайызын құрайды (906,7 млрд теңге). Осы санаттағы қарыз алушының орташа берешегі 232 мың теңге деңгейінде. Ірі қарыз алушылар саны онша көп емес – тек 783,4 мың адам немесе жалпы санның 10 пайызы. Олардың әрқайсысы 3 млн теңгеден астам, орта есеппен 5,7 млн теңге қарыз. Сандық артықшылықтың жоқтығына қарамастан, мұндай қарыз алушылар қоржынның 47 пайызын (4,4 трлн теңге) құрайды. Тиісінше, көпшілікті құрайтын қарыз алушылардың қалған 90 пайызына қоржынның 53 пайызы (5,1 трлн теңге) келеді. Барлығы 7 миллион адам. Осы санаттағы орташа берешек – 720 мың теңге. Бұл кепілсіз тұтынушылық қарыздар қоржынының өсуінің негізгі драйвері болып табылатын ірі қарыз алушылар. Бір жыл ішінде олардың берешегі 32,4 пайызға өсті. Ал шағын қарыздар – 22,5 пайызға. Айта кетейік, 2023 жылы берілген кепілсіз тұтынушылық несиелердің жалпы сомасы портфельмен іс жүзінде бір деңгейде – 9,1 трлн теңге. Бұл оның жылдам жаңартылуын көрсетуі мүмкін. Өткен жылдың деңгейіне қарағанда 34,1 пайызға (2,3 трлн теңге) несие беру өсімі байқалады. Берілген несиенің орташа сомасы 2022 жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ. Яғни, өсім тек 0,2 пайызды құрады. Ал қоржынның сапасы біршама нашарлады: егер 2023 жылғы 1 қаңтарға 90 және одан да көп күн кешіктірілген несиелер үлесі 12,9 пайыз болса, 2024 жылғы 1 қаңтарда – 13,3 пайыз болды.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Алматыдағы «Атакент» көрме орталығы алдындағы алаңда Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Funk креативті агенттігі ұйымдастырған «Наурыз Береке Мереке» атты ауқымды фестиваль өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.